• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:16:07
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2018 NEWS

Ерлан Біләл түрмеден миллиондаған айыппұлмен құтылуы мүмкін

Прокурорлар Ерлан Біләлге бас бостандығынан айыруды емес, айыппұл төлетуді сұрады.

Алматының Алмалы аудандық сотында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлге қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сот алдында жауап берген Ерлан Біләлге прокурорлар бас бостандығынан айыруды емес, айыппұл төлетуді сұрады.

Ерлан Біләл ҚР Қылмыстық кодексінің  24-бабы, 3-бөлігі, 366-бабы, 2-бөлігіне сәйкес пара алуға оқталғаны үшін айыпталды. Сотта ол "Сезам" шығармашылық қорының президенті Баяновтан 2018 жылдың 2 қаңтарында 600 мың теңге алғанын айтты. Ал 4 қаңтарда 900 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталған.  

Енді прокурорлар осы қаражатты 60 есе артық етіп, яғни 90 млн теңгені өтеуді талап етті. Сондай-ақ барлық мемлекеттік наградаларынан: «Айбын», Құрмет ордендерінен айырылуы мүмкін. Ал адвокатының айтуынша, Ерлан Біләлдің денсаулығы сыр бере бастаған. Сонымен қоса, кінәні бірден мойындап, тергеушілердің жұмысын жеңілдеткені үшін жазасын жұмсартуды сұрап отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтарда М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры театр базасын балаларға арналған мерекелік шараларды өткізуге жалға бергені үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын 2015 жылдың 27 сәуірінен бері басқарып келген

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір