• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:25:18
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 NEWS

Ерлан Біләл театрда актер ретінде жұмысын жалғастырады

Пара алып сотталған Ерлан Біләл Әуезов атындағы театрдың актерлер құрамында жұмысын жалғастыратын болады.

Пара алып сотталған Ерлан Біләл театрдың актерлер құрамында жұмысын жалғастыратын болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа басшысы Асхат Маемиров мәлімдеді.

«Ерлан осы театрдағы негізгі репертуарларды басты кейіпкерлерді сомдайды. Ол Мұхтар Әуезовтың «Абай жолындағы» Абай, оны Ерланнан басқа ешкім ойнай алмайды. Ол Дулат Исабековтың «Жау жүрегіндегі» Балуан Шолақ, Исраил Сапарбаевтың «Сыған серенадасындағы» Шәмші бейнесі, Әкім Таразидың «Ақын періште махаббаттағы» Мұқағали бейнесі. Ерланның бірінші Алла Тағала берген таланты, артистизм, кәсіби шеберлігі, нағыз өнердегі тұлға. Сондықтан тұлға театрдан бөлініп ешқайда кетпейді», - деді  Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры.

Айта кетейік, театрдың бұрынғы директоры Ерлан Біләл 2018 жылдың 5 қаңтарында 1,5 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған.

Бір айдан соң актердің ісіне қатысты сот үкімі шықты. Оған пара көлемінен 35 есе жоғары көлемде айыппұл салды. Енді Ерлан Біләл 52,2 млн теңгені мемлекетке бір айдың ішінде төлеуі тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір