• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:49:50
Алматы
+35°

31 Наурыз, 2018 Әдебиет

Еркінбек Серікбай. Бұл да айт күндерінде

Айт құтты болсын! Отыз күн оразаларың қабыл болсын – жиырма тоғыз күн оразадан кейін айтнамазына жиылған ел.

Ұлы даланың төсіген ағып өтетін сулар көп... Ақсу, Қарасу, Сарысу, Көксу, Қызылсу, Қасқасу, Сайрамсу, Суықсу, Жылысу... Бұл сулардың біршамасы  «Қандысу...». Бұл оқиға Қандысудың бойында өткен-ді.

***

Айт құтты болсын! Отыз күн оразаларың қабыл болсын – жиырма тоғыз күн оразадан кейін айтнамазына жиылған ел.

Айт намазынан шыққан жұрт ал, енді кімнің үйінен бастаймыз? – десіп,

Сыртынан мақтап, арқадан қағып, биылғы ниетіне разы болысты көршілері.

–Осыдан ол суды аузыңа алмасаң жақсы болып кетесің... деп көршілері шын тілеулестік білдіріп, оның Оразада ауыз бекіткенін жақсыға балады.

 

***

–Отыз күн ернің кезеріп, өзегің талып ұстаған Оразаңның сауабын бір-ақ

күнде жуып шайғаның не? - деп сол көшедегі кемпір масқаралады.

–Апау, сондай болып қалды - деді де сүйретіліп үйіне қарай сырғи берді.

–Айналайын-ау, бұлың қалай Ораза ұстап, ауыз бекіткенге сені адам болды ма? - деп қуанып қалып ек, – деп тағы бір көрші кемпір күйіп-пісті.

Айттың алғашқы кешінде аяғында әрең сүйретіліп мас болып үйіне келді. Ішіп алса, үйінің берекесін қашырады. Бүгін сол жиырма тоғыз күн тұрақтаған берекені сыртқа тепті. Сонымен қоймай алдынан шыққан баласында оңдырмай теуіп жіберді.

     Бұзанасы бекімеген баласы ақсаңдап жүре алмай қалды да екі көздің жасына ерік берді.

–   Көке... неге ұра бересің? – деп баласы соңғы рет қашан осылай таяқ

жегенін есіне алды. Жаста болса рамазанның рақымын сезініп еді... Әкесінен таяқ жемей. Ораза бітті. Сойқан қайта басталды. 

–Өлмейсің ұрғаннан... – деді баласын тағы ұрып жібермекке ұмтылып.

–Өлсем өлігімді де таппай қаларсың... – деп баласы ары қашып кетті.

–Алдымен өл! Содан соң көрерміз.

–О, Құдайым, өзің жар бола гөр, – деді, мұны естіген көрші әйел кері бұрылып.

Ел дүрлікті. Ауыл, ауылдан аудан орталығына дейін хабар жетіп құрқару мекемесі аяғынан тұрып, суға кеткен баланы іздеуде. Жер-жерге аудандағы барлық мектеп, дүкен, базарлардың бәріне он үш жасар баланың суреті ілінді. Жанындағы құрдас балаларды бір екі рет тергеп сұрастырып оның нақты суға кеткені анықталды.

Апта өтті. Баланың не тірі, не... ешкім білмейді.

Ауыл адамдары топ-топ ұйымдасып, өзен бойын жағалап, қуыс-қуысты сығалап аянбай іздеп жатыр.

Әркім өз білгенін айтты...

Табамыз деген ырым менен жырының бәрі айтылды.

Білген менен күлгеннің бар амалы жасады. Не де болса тапсақ деп...

Әрекетінен түк шықпаған соң, ауыл ауданнан, аудан облыстан көмек сұрады. Бес қаруы сайланып жеткен облыстың құтқарушылары анықталған жерден өзен суының жайылып ағатын екі шақырым аралықты бір жұма тінтіді.

Еңгезердей құтқарушының шалт әрекетінен жұрт сілтідей тынды.

Жұрт арасында күбір-күбір әңгіме басталып кетіп еді, қайта тынышталды. Құтқарушы жардың астынан бір нәрсені тартып шығарды. Сол еді... Су бетіне гүмп етіп, бұзаудан үлкен тайыншадан кіші ірі қара төлі шықты. Ары қарай ағып кете берді...

Жұрт арасынан біреу:

–Мынау сенің жоғалтып жүрген малың емес пе деп еді? Өзінің ұрлап

кетті деген малы екенін білсе де «Иә» деп тіл қата алмады.

Себеп... Көршінің отырып келген баласын «ұрлады» - деп бір-екі рет қорасын тінтіп шыққаны күллі ауылға белгілі.

Сөзі өтімді аталас жақыны: «кісіге негізсіз жала жабу да қылмыс!» - мұны өтеуің керек деп еді, топталып тұрған ағайындас, ауылдас жұрт қолдай кетті.

Күн екінті ауды. Жұрттың басы үйлерін бетке алды.

Бірі жала жауып, бірі жазықсыз ақталған екі көршіні татуластырушылар: «Ауыл шетіндегі дүкенде кездесейік» - десті. 

Іздеуге ет жақын туысқандар ғана қалды.

    

***

Сұмырайда құрып тартылып қалатын су соңғы екі жылда сүмбіле аяғында ғана су ентіккен ернеуінен құлап жүр. Өзгерген...  Табиғат... Әдетте шілде шыға су азайып, тамыз соңы өзенге түсу мүмкін болмайтын.

Құрбан айтта келді.

Айттағы сырды айт айтар, Жаттағы сырды жел айтар – деп бір кемпір бұрын ешкім естімеген мақал айтты...

Жұрт жиналып өзен басында Құрбан шалды.

Баланың суға кетті деген жерінен  салмағымен шамалас қозыны бауыздап, өзенге тасталды. Қанымен өзенді қып-қызыл етіп, ағып кете бірді, іздеуші жұрт көз жазбай соңынан жүріп жылжыды.

Өзен суы айналып ұйық жасап ағатын аралыққа келгенде жел күшейіп, тұнық судың былығын шығарды. Әлгі қозы ізім-қайым...

–Әлгі жер...

–Дәуде болса сол жардың бір жерінде... деп жұрт тоқтамай жаман

жардың жанына келді. Жел одан сайын үдеп, барған сайын күлшейіп өзенді арнасынан ауыстырып жіберердей. Арнасынан кетіп бұлғақтаған сайын әлгі жар қаңырап қуыстың ішінен судың ғана жаңғырығы естіліп жатты. Екі көз төрт болған, төрт көз екіленіп сонша қырағы ...

Әне... шықты-шықты... Осы жердің бір бәлесі бар... Өткенде бұзау табылғанда-ақ біліп ем... Қандысу... Биыл көктемде өзен басына қан ағызбап едік... деп жұрт ду етті. жардың астынан... әлгіндегі қозы шақырымдай қашық жерден көрінді.

Жұртпен ере келген молданың «әуезді әуені» айналадағы шудың бәрін сап тыйды.

Жұрт бір-бірін жаңа көргендей таң қалыса өзді-өзі ыңғайсыздана, сабыр шақырып тұр. Алайда бұл тыныштықта көпке созылмады... Судан шу асып түсті де жұрт өзенге лап қойды. 

–Табылды... – деді.

Екі айттың арасы суда қалған адам денесін адамдар сыртқа шығарды. Жалпылдап-салпылдан тілге ерік берген адамдар да үн жоқ... Ауыз ашпады. Кейбірі ұзақ уақыт демін шығармай, дымы құрыды.

Топталып жанына жиылған жұрттың сөз күтіп тұрғанын білді де молда: «Жерін дайындап бесіннен қалдырмалық,» – деді.

Анасы... Екі айғы үмітін күдігі жеңіп, жоқтау айтып зар илеген сол ғана...  

Әкесі... Баласының мәйітінің табылғанын мәртебе көретіндей ме? Әйтеуір жүр... 

Жұрт... Иманы саламат болсын! –деп дастарқанға қарай өтіп, бір-біріне: Айт құтты болсын! – десті... 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір