• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:57:21
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2017 Әлем

Ердоған Израильді террористік мемлекет деп атады

Ердоған палестиналық наразылық білдірушілерге қарсы күш қолданған Израильді айыптады.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильді террористік мемлекет деп атады. Бұл туралы Hurriyet Daily News басылымы хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Иерусалим – біздің жарық көзіміз. Оны ұрлау-тонау, басқыншылықпен айналысатын мемлекеттің қарамағына қалдырмаймыз. Заң мен демократия аясында соңына дейін күресеміз», - деді түрік президенті.

Сондай-ақ Ердоған палестиналық наразылық білдірушілерге қарсы күш қолданған Израильді айыптап, «қаналған» халықты қашан да қолдайтынын жеткізді.

 6 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде ресми мойындап, АҚШ елшілігінің сол қалаға көшкенін мәлімдеген.

Трамптың аталмыш шешіміне Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің наразылығын тудырды. Олар Ақ үйдің бұл шешімін қолдамайтындарын жеткізді.

Иерусалимде тәртіпсіздік орнады. Араб белсенділері мен Израиль полицейлерінің көтерілісінен ондаған адам зардап шекті.

Түркия, Тунис, Ауғанстан, Пәкістан, Египет, Ливан, Иран және өзге де мемлекеттер Трамптың шешіміне қарсы шықты.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де Ақ үйдің Иерусалимге қатысты шешіміне қолдау танытпады.

Араб мемлекеттерінің лигасы Трампты шешімінен бас тартуға шақырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір