• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:13:45
Алматы
+35°

15 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Ердоған мен Путин Сириядағы қақтығысты телефон арқылы талқылады

Ресей мен Түркия президенттері телефон арқылы Сириядағы жағдайды талқылады.

Ресей мен Түркия президенттері телефон арқылы Сириядағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Путин мен Ердоған АҚШ пен оның одақтастарының Сирияға жасаған шабуылынан кейін келіссөз жүргізді. 

Екі елдің басшысы Сириядағы саяси реттеуді ілгерілетуге бағытталған екіжақты іс-қимылды жандандыру қажет деп есептейді

«Батыс елдерінің әрекеті БҰҰ жарғысын, халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарын бұзады», — деп атап өтті Путин. 

Ресей және Түркия тарапы зымыран соққысынан кейін екіжақты іс-қимылды жандандырып, Сириядағы саяси реттеу процесін ілгерілету қажет деп санайды. 

Еске салсақ, 14 сәуірде АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сирия Араб Республикасының қарулы күштері мен азаматтық инфрақұрылым нысандарына зымыранмен соққы жасады. Олардың ойынша, бұл нысандарда химиялық қару дайындалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір