• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:37:16
Алматы
+35°

18 Қараша, 2017 NEWS

Ердоған ДАИШ-ты қаржыландырып отырған АҚШ екендігін жайып салды

Түрік басшысы жақында ғана ДАИШ-тың астанасы саналып кеткен «Раккадан жауынгерлердің қашып шығуына жағдай жасаған америкалық билік» деп мәлімдеді.

Түрік басшысы жақында ғана ДАИШ-тың астанасы саналып кеткен «Раккадан жауынгерлердің қашып шығуына жағдай жасаған америкалық билік» деп мәлімдеді.

Режеп Ердоған бұл мәлімдемені журналистердің алдында айтып, Сириядағы дағдарысты реттеу үшін АҚШ-пен бірігіп жұмыс істегісі келмейтінін айтты, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме беріп жазады.

«АҚШ біздің көңілімізді қалдырды. ДАИШ-пен соғысып жатырмыз деп алып, оларға қыруар доллар берді»,-деді ол ашу үстінде.

Ердоған бұл мәлімдемені болашақта АҚШ-пен бірлесе Сирияға қарсы әрекет жасау тақырыбында сөйлескен кезде айтты. Режеп Эрдоған Анкараның ендігі кезекте Вашингтон мәлімдемелеріне сенбейтіндігін білдірді. Бұл сенім АҚШ тарапынан берілген сансыз уәделердің орындалмауынан бұзылды,-деп жазды Sabah газеті.

«Раккадағы Манбиджде АҚШ-қа бірге жұмыс жасайық, деп ұсынғанда, олар алаңдамаңыз онда PYD күрттердің «Демократиялық одағының» бір де бір мүшесі қалмайды деген болатын. Бірақ сөзінде тұрған жоқ. АҚШ-та басшылық ауысқанмен, бәрі де баяғысынша қалды»,- деді Режеп Ердоған.

Түркияда PYD күрттері ДАИШ-пен бір санаттағы террорлық топ болып саналады. Сондықтан, Америка Құрама Штаттарының PYD-ге қолдау көрсетуі түрік басшысының ашуын қоздырды. Ердоған атап өткендей, АҚШ сириялық күрттерге үш мыңға жуық жүк көліктері, бронетехника және ірі көлемдегі қару-жарақ жіберген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір