• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:35:29
+35°

14 Наурыз, 2018

Ер мен әйелдің құпиясын ашатын «Үйленгендер Наурызда» сериалы эфирге шығады

«Қалалық аңыздар» («Городские легенды») жобасының авторлары енді отбасылық өмірге қадам басқан төрт достың өмірін «Үйленгендер» сериалы арқылы көрсетпек.

Отбасылық өмірдің қызығы мен шыжығын комедия арқылы жеткізетін «Үйленгендер» («Женатики») сериалының кезекті маусымы 19 наурыздан бастап 31 арнадан беріледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бүгін бес бөлімді сериалдың алғашқы бөлімі журналистерге көрсетілді.

«Қаладағы аңыздар» («Городские легенды») жобасының авторлары отбасылық өмірге қадам басқан төрт достың өмірін «Үйленгендер» сериалы арқылы көрсетпек. Әйелімен, ата-анасымен арадағы кикілжіңдер, шешілместей көрінетін мәселелер, алда тосып тұрған тосынсыйлар, отбасы алдындағы жауапкершілік – осының бәрі фильмде баянадалады.

Сериалдың режиссері – Санжар Омаров, продюсерлері – Сәбит Рахымбаев пен Дәуіт Шайхисламов, атқарушы продюсері – Данияр Орманбаев.

 Сәбит Рахымбаев

Продюсер Сәбит Рахымбаевтың айтуынша, фильмдегі қызықты оқиғалар өмірден ойып алынған. Алғашқы екі маусымнан ерекшелігі, авторлар бұл жолы ер мен әйел арасындағы қарым-қатынасқа айрықша мән берген.

–Біз бала күнімізден КВН-да ойнап келеміз. Өміріміз шығармашылықпен тығыз байланысты. Айналамызда көрген дүниемізден туынды жасап шығарамыз. Мәселен, алғашында студенттік өмір жайлы түсіріп жүрдік. Оқу бітірген соң есейіп, жаңа өмірге қадам басқан сәтте бойдақ жігіттердің өмірі жайлы «Городские легенды» сериалын түсірдік. Кейін үйлендік те, отбасылық өмір тақырыбына ойыстық. Бұған дейін екі маусымы шықты. Ендігісі 5 бөлімнен тұратын «Үйленгендер Наурызда» деп аталатын комедиялық сериал. Онда Наурыздағы оқиғалар суреттеледі, - деді Сәбит Рахымбаев Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.

Бірінші бөлімінде ерлердің саунаға барып, өзге қыздармен әйелдеріне әшкере болуы, олардан кек алмақ болған әйелдерінің қыдырып кетіп, өзге еркекпен күйеулеріне ұсталып қалуы көрсетілген. Қазақ арасында бұл оқиғаларға қатысты сын айтушылар көбеюі мүмкін. Бұған қатысты өзіңіз не айтасыз?

–Сын айтушылардың болатынын өзіміз де алдын ала болжадық. Бірақ біздің сериал жаңа айтып өткенімдей бес бөлімнен тұрады. Бесінші бөлімінде көрермен қалаған мереке де, патриоттық сезім де болады. Ал жаңағы оқиғалар өмірде болатын жағдайлар. Оның несін жасырамыз? Ер адам саунаға барып көңіл көтереді, әйел адамдар да түрлі клубтарға қыдырады. Дегенмен тым артық кеттік деп ойламаймын. Біз сценарийін жазу барысында көрермен дұрыс қабылдайтындай ойланып жазамыз,  дәл сондай оймен түсіреміз. Алайда халықтың аузына қақпақ бола алмайсың. Айтатындар да табылуы мүмкін. Тек біздің көрсеткіміз келгені: әйелдер істің мән-жайына бармай, жөн-жосығын білмей жатып, айғайға басып жатады. Ал олар ер адамның орнында болып көрсе, бәрін түсінер еді. Сауна, клуб – ол өмірдің шындығы.

Жалпы сериалда әйел мен ердің бар сыры ашылады. Ерлердің ойы қандай болады, достар болып бас қосуларда, отырыстарда қандай оқиғалар орнайды, неден қорқады, не сезеді – бәрі дерлік баяндалған.

Женатики в Наурыз

–Сіз осы уақытқа дейін тек комедия түсіріп келдіңіз. Басқа жанрда фильм түсіру жоспарыңызда бар ма?

Меніңше, адам бір бағыттың, бір саланың маманы болу керек. Жалпы өзім триллер көргенді, қорқынышты, фантастикалық фильмдерді ұнатамын.  Комедиялық жанрда жұмыс істегендіктен, ондай фильмдерді көрмеймін. Себебі бір нәрседен адам шаршайтын сәттері болады. Ал басқа жанрларда сценарий жазу, фильм түсіру ойымда бар. Тек оны тереңінен түсініп, кәсібилігіне жете білу керек.

Кино түсіру, сценарий жазу өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өз туындың көрермен сұранысына ие болу үшін не істеу керек? Мұның бәрін ойланып, толғанып, бірінші кезекте өз көңіліңнен шығатын сценарий жазу – қиынның қиыны.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір