• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 08:49:23
Алматы
+35°

Оқиға Багам аралдарында болды. Жас жұп онда балайын өткізуге барған. Оңтүстік Каролина тұрғыны Эван Кэрролл акуланың әйеліне шабуылдағанын көрген. Болған жағдай GoPro камерасына түсіп қалған. Оны ер адам өзімен судың астына алып түскен.

- Қолымнан біреу шап беріп ұстағандай сезілді. Мен күйеуім менімен қалжыңдасып қолымнан ұстады деп ойладым, алайда қолымның ауырғанын сездім. Көзілдіріктен жанымдағыларды көре алмағандықтан басымды бұрып қарап едім акуланы көрдім. Оның бар назары менің қолымда болды. Ол меннен үлкен еді, -дейді Сара Иллиг.

Илиигтің қолы қатты жарақаттанбаған. Оны тістеп алған акуланың түрі Атлант мұхитында және Тынық мұхитының шығыс бөлігінде 130 метр тереңдікте өмір сүреді. Олар адам үшін қауіпсіз болып есептеледі. Шабуылдаған жағдайлар көбіне жүзушілердің кінәсынан болады.

Қыздың айтуынша, акуланы ешкім мазаламады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір