• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:00:38
Алматы
+35°

29 Маусым, 2018 Әлем

ЕО Ресейге қарсы санкция мерзімін ұзартпақ

Еуро одақ басшылары Брюссельдегі саммитте Ресейге қарсы санкцияларды жарты жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

Еуро одақ басшылары Брюссельдегі саммитте Ресейге қарсы санкцияларды жарты жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Мұндай шешім Ресей, Украина, Минск келісімдерін талқылау барысында қабылданды.

Санкцияны енгізу.

Ресей мен Батыстың арасы Украинадағы және Қырымдағы жағдайға байланысты ушыға түсті. Мәскеу бұл жағдайларға қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Алайда Еуро Одақ пен АҚШ  Ресейге қарсы шараларды қолданып үлгерді, оған Мәскеу тарапы да жауап қайтарды.

Осы аптада Италия премьер-министрі Джузеппе Конте антиресейлік санкцияларға қатысты сыни пікірін білдірді. Оның ойынша, шектеу шараларын ұзарту автоматты түрде жүргізілмеуі тиіс. Сонымен қатар санкцияның мақсат емес, зат екенін де еске салды.

Өз кезегінде, Словакия премьері Петер Пеллегрини ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларын мағынасыз деп атады. Себебі Мәскеу мен Брюссель арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасқа сызат түсіп, кей компаниялар өз нарықтарын жоғалтқан. Ресеймен саудаласу мүмкіндігінен айырылды. Оның ойынша, Ресейге қарсы шаралардың пайдасынан кесірі көп.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір