• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:17:24
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 NEWS

Еңбек ардагері: Туу туралы куәлігімде аты-жөнім латын әліпбиімен жазылған

Латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде бірнеше қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері өздерінің пікірлерін білдірді

Елімізде қызу талқыға түсіп жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде бірнеше қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері өздерінің пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек ардагері Асылмұрат Тұрғанбеков: 

«9 қазандағы Ақордада өткен жиналыс ойдағыдай өтті деп ойлаймын, себебі әліпбиді одан әрі жетілдіру бойынша ойлар тыңдалып диграфтардың орнына апострофпен жазуға тоқталғандығымыз дұрыс деп санап, оны толықтай қолдаймын.»

Мен өзім 1940 жылы туылғанмын, туу туралы куәлігімде аты-жөнім латын әліпбиімен жазылған. Оған көшудің саяси, мәдени және тарихи рөлдерінің маңызы зор. Бұл жаңғырудың үлкен бір тірегі, бастауы болып табылады. Барлығы әліпбиіден басталып, тіліміз тазарып, өсіп өнеді, себебі бұл біздің төл әліпбиіміз болып табылады. Ұлттық құндылығымызды нық бекітетін қадам.

ҚР бірінші әнұранының авторы, жазушы Жадыра Дәрібаева:

«Күні бұрын Ақордада өткен жиналыс нәтижелі болды деп санаймын. Алдынғы нұсқаға қарағанда кешегісі жеңілдеу, оңай қабылданады және жазылады. Себебі екі немесе үш әріптен бір дыбыс беру қиын соғады, ал енді өз бастауымызды сақтай отырып бір дыбыстан бір әріп шығарамыз. Бұл шешімді толықтай қолдап, латын әліпбиіне көшу алға нық басатын қадам болатындығына шын жүректен сенемін.»

Профессор, филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісмақова:

«Бұл күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Елбасымен кездескен ғалымдар А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының дайындаған жобасын ұсынды. Бұдан бұрын ұсынған 25 әріптен тұратын 3 таңбалы әліпби қиындау болып келсе, кешесі ұсынған нұсқа ең қолайлы және көпшіліктің ойынан шығады. Ғалым ретінде бұл өзгерісті толығымен қолдаймын.

Дегенмен, тұтастай алғанда әліпби жобасында әлі де ойланатын, сарапқа салып, тәжірибеден өткізіп барып қолданысқа енгізетін тұстар бар.

Сонымен бірге, еш асығыстық танытпай қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет деп есептемін.»

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір