• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:57:04
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2018 IT

Ең үздік бизнес-жобалар «Garage» стартап-инкубаторына таңдап алынады

Бүгін стартап-жобаларды инкубациялауға арналған «Garage» тегін бағдарламасы іске қосылды

Бүгін стартап-жобаларды инкубациялауға арналған «Garage» тегін бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама көмегімен сарапшылар ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге тұрақты бизнес-модельдерді құрып, оларды дамытуға көмектесетін болады. 3 айға созылатын бұл жоба қатысушыларды 2018 жылдың қыркүйегінде басталатын акселерациялық бағарламаның келесі кезеңіне дайындамақ. Байқауға қатысу үшін 150-ден аса өтінім келіп түсіп, олардың ішінен ең үздік жобалар іріктеліп алынды.

Іс-шараның ашылуына ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысты. Ол Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркін құру идеясы «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қамтылғанын, сондай-ақ, жоба тұжырымдамасы халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде дайындалғанын атап өтті.

Дәурен Абаев

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің басшысы Мағжан Мәдиев «Garage» және «C-Lab» стартап-бағдарламаларының қазіргі нәтижелерімен бөлісті. «Аталған бағдарламалар аясында біз идея және прототип кезеңінде тұрған стартап-командалармен жұмыс жүргіземіз. «Garage» преакселерациялық бағдарламасына бізге 151 өтінім келіп түсті, олардың ішіндегі 43 жоба Demo Day-ге өткізілді. Ең басты талап жобаның ауқымын кеңейтуге болатындығымен байланысты. «C-lab» бағдарламасына 100-ден аса өтінім жіберілді. Бүгін қатысушылар алғаш рет корпорациялармен кездесіп отыр, ары қарай командалармен етене жұмыс жүргізіліп, ақпараттық сессиялар, жеке кеңес берулер өткізіледі, идеяны дамытып, оның прототипін жасайтын боламыз. Жазда жобаларды тестілеп, компаниялардың базасында іске қосқалы отырмыз», - деп атап өтті Мәдиев мырза.

«Garage» бағдарламасы аясында командалар өз стартабының идеясын тестілеп, ең кем дегенде жұмысқа жарайтын өнімді (MVP) жасап шығаруға, алғашқы клиенттерді тартып, өз жобаларын инвесторларға таныстыруға мүмкіндік алмақ. Инкубатордың ерекшелігі – оны кәсіпкерлердің өзі басқа кәсіпкерлерге арнап құрып отырғандығында.

Бағдарлама Стив Бланктың «lean startup» - үнемшіл стартап деп аталатын әдіснамасына негізделген. Қатысушылар командаларға бөлініп, олардың әрқайсысы өз идеясын таныстырады. Тәлімгерлер ретінде қатысатын бизнесмендер өз қол астына алатын команданы таңдап алады. Егер бірнеше тәлімгер бір команданы таңдайтын болса, шешімді командың өзі жасамақ.

Дәурен Абаев

Бүгін әрбір команда өз бизнес-жобасын таныстырады, ал кешке олардың ішіндегі үздіктері «Garage» стартап-инкубаторына қатысу үшін таңдап алынады. Осылайша ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер тәжірибелі тәлімгерлердің қол астында жобаны басқару, өнім жасау және маркетинг жөнінде тегін білімдергі игеруге мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, қатысушылар жоба аясында бағдарлама жасаушылар, дизайнерлер, маркетологтар сынды мамандардың қызметтеріне қол жеткізеді, сондай-ақ, олар шапшаң интернет, жарнама жасау үшін серіктестердің берген купондары (Google Adwords, Facebook ads), бұлттық сервистер (Amazon web services, Microsoft, Adobe) сынды барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген EXPO аумағындағы кеңсені пайдалана алады.

Стартап-жобаларды таныстырумен қатар, ашылу салтанаты аясында жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті дамыту және отандық бизнесті халықаралық нарыққа шығару тақырыбына арналған екі панельдік сессия өтті.

Сессиялар кезінде спикерлер ретінде келесі тұлғалар сөз сөйледі:

  • Саясат Нұрбек – тәуелсіз сарапшы
  • Эльдар Жұмағазиев – “Атамекен” ҰКП басқарма төрағасының орынбасары
  • Қанат Қожахмет – С. Демирел атындағы университет ректоры
  • Қанат Байғарин – Nazarbayev University вице-президенті
  • Алмас Кебекбаев - top.kz негізін қалаушы және СЕО-сы
  • Александр Дорошенко - Wooppay негізін қалаушы және СЕО-сы.

Unilever зерттеуіне сәйкес 2025 жылға қарай корпорациялар мен стартаптар қоян-қолтын жұмыс жүргізбек. Сондықтан «Garage» жобасына қоса, «C-lab зертханасы» деп аталатын тағы бір стартап-жоба іске қосылды. Бұл зертханада стартаптар корпорациялармен етене жұмыс жасап, нақты міндеттерді шешуге және ұзақ мерзім бойы жұмыс жүргізуге мүмкіндік алады. Astana Hub жобаны MOST бизнес-инкубаторымен бірлесе жүзеге асырып жатыр.

MOST бизнес-инкубаторының бас директоры Алим Хамитов жоба жөнінде былай деп атап өтті: «Бүгінгі күні «Сентрас» компаниялар тобы, «Сбербанк» АҚ, UNICEF Kazakhstan, «Қазпошта» АҚ, «Astana Innovations» АҚ сынды компаниялар біздің серіктестеріміз болып табылады. Аталған компаниялар жобаға қызығушылықтарын білдіріп, стартаптар алдына міндеттер қойып, олармен бірлесе өнімдерді дамытуға дайын. Бағдарлама аясында шешімдердің прототипі жасалады. 10-ға тарта «пилоттық жоба», сондай-ақ, корпорациялар мен стартаптардың 2-3 коммерциялық өнімі іске қосылады деп күтіп отырмыз».

 «C-lab зертханасы» - корпоративтік сектор мен стартаптар арасын жалғайтын алаң. Бағдарламаның мақсаты – жаңа идеялар мен сервистерді іздеу және корпоративтік сектордың стартаптармен байланысын дамыту. 5 ақпан күні Astana Hub базасында осы бағдарламаға қатысатын жобалар іріктеліп алынды. Алдағы үш айда «C-lab» зертханасы компаниялармен бірлесе отырып, командаларға идеяларды жасап шығаруға көмектесіп, ақпараттық сессияларды өткізіп, командаларға жеке кеңес берумен айналысып, прототиптерді жасап шығарады. Ең үздік жобалар тестілеу сатысына өткізіліп, жүзеге асыру жөнінде шарт жасасуға мүмкіндік алмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір