• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:48:00
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2018 Экономика

Энергетика вице-министрі көмірді жөнелту сызбасын қайта қарауды ұсынды

Отырыста облысқа көмірді уақтылы жеткізу мәселелері талқыланды.

ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында көмір өнеркәсібінің жағдайы мен даму келешегі мәселелері бойынша «Қаражыра» разрезінде көшпелі отырыс өткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста облысқа көмірді уақтылы жеткізу мәселелері талқыланды.

«Энергетика министрлігі осы күндері өңірлердің жергілікті жерлерінде көмір тапшылығы мәселесін талқылауда», - деді вице-министр.

Отырыста Б. Жақсалиев сондай-ақ министрліктің көмірді жөнелту сызбасын өзгерту туралы ұсынысын атап өтті.

«Энергетика министрлігі Үкіметке көмірді жөнелту сызбасын қайта қарастыру бойынша ұсыныс енгізеді. Халықтың коммуналдық тұрмыстық қажеттілігі – басты орында, содан соң жылу электр станциялары, ал одан кейін экспорт», - деп түсіндірді Б. Жақсалиев.

2017 жылы коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа арналған көмір көлемі 12,5 млн. тоннаны құрады, бұл көрсеткіш  2016 жылмен салыстырғанда 18% артық (10,6 млн.тонна).

«Қаражыра» АҚ техникалық сипаттамасы: көмір маркасы – Д, БЗ (ұзынжалынды көмір және қоңыр түсті); қалатын күл көлемі - 18% халық қажеттілігіне арналған көмір арасындағы сапасы жақсы көмір қатарынан. Көмірдің ылғалыдылығы - 14-16%. Жану жылуы – 4500 кКал/кг.

Шығыс-Қазақстан облысында ғана емес, сондай-ақ басқа да облыстарда және шекаралас мемлекеттерде өнімге сұраныс бар.

2017 жылы «Қаражыра» АҚ көмір өндіру көлемі – 6,8 млн.тоннаны құрады, 2018 жылға арналған жоспар – 7,6 млн. тоннаны құрайды.

2017 жылғы жөнелтілген көмір көлемі 7,0 млн. тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық тұрмыстық және халықтың қажеттілігіне жұмсалған көмір көлемі – 2,9 млн. тоннаны құрайды.

Қаражыра – Қазақстандағы көмір қорына бай кен орындарының бірі, Шығыс Қазақстан облысының Жаңасемей өңірінде, Семей қаласынан 130 км. оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Көмір қоры шамамен миллиард тоннада асады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір