• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:11:34
Алматы
+35°

21 Сәуір, 2017 Әлеумет

Емделуі мүмкін болмаған онкогематологиялық аурудың бетін қайтаруға болады

Ауыр онкогематологиялық ауруларға шалдыққан науқастар тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясындағы амбулаториялық тізімге кіретін дәрілік заттардың...

Ауыр онкогематологиялық ауруларға шалдыққан науқастар тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясындағы амбулаториялық тізімге кіретін дәрілік заттардың жаңартылуын күтуде деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі «Гемобластозбен ауыратын мүгедек науқастардың қауымдастығы» РҚБ сілтеме жасап. 

Көптік миеломаға шалдыққан науқастардың «Гемобластозбен ауыратын мүгедектер қауымдастығына», Денсаулық сақтау басқармасына, Денсаулық сақтау министрлігіне, өңірлердегі әкімдіктерге және де Қазақстан Республикасы прокуратурасына өтініш жолдауына байланысты осы науқастардың заманауи амбулаториялық емдеу тәсілдеріне қол жеткізуі өзекті мәселеге айналып отыр.

Қан түзетін ұлпаларда туындайтын онкологиялық ауру – көптік миелома плазмалық жасушалардың тоқтаусыз жылдам өсуімен ерекшеленеді. Бұл плазмалық жасушалар қалыпты қан жасушаларының түзілуіне кедергі жасап, жамбас сүйек, омыртқа, қабырға, бас сүйектің бұзылуына әкеліп, бүйрекке зақым келтіруі мүмкін. Осы аурудың асқынуынан науқастар сүйектің сынуы, жұқпалы ауруларды жиі жұқтыру, қан аздық, бүйрек жетіспеушілігі секілді себептерден қайтыс болады. Қазіргі таңда көптік миелома - таралу деңгейі жағынан екінші орында тұрған қан обыры. Оның салдарынан туындайтын өлім-жітім деңгейі де өте жоғары болады, осы күнге шейін науқастардың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен алғанда 4 жылды құрап келді.

Статистика көрсетіп отырғандай, онкогематологиялық ауруларға шалдыққан науқастардың 25%-ы диагноз қойылғаннан кейінгі бір жыл ішінде көз жұмады. Жоғары тиімді дәрілік көмекке қол жеткізу мүмкін болмағандықтан, гемобластоздан туындайтын өлім-жітім жоғары деңгейде сақталып отыр.

Осыған дейін емделуі мүмкін емес деп есептелініп келген бұл дерттің бетін қазір қайтаруға болады. Көптік миелома жағдайында тиімділігі жоғары терапия ретінде гемопоэтикалық өзек жасушаларын транспланттау әдісі, сондай-ақ, иммуномодулятор (леналидомид) және протеасом ингибиторы (бортезомиб) секілді инновациялық дәрілік препараттар қолданылады. Емдеудің осы әдістерін клиникалық тәжірибеге кеңінен ендіру арқасында науқастардың орташа өмір сүру ұзақтығын 6-7 жылға дейін, ал кейбір жағдайларда тіпті 15-20 жылға дейін арттыруға мүмкіндік алып отырмыз.

Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі гемобластозды емдеудің заманауи әрі тиімді әдістерін кеңінен тәжірибеге ендіру маңызды екенін жақсы түсінеді. Осы үшін науқастар үлкен алғыс білдіреді.

Алайда стационарда және амбулаторияда емдеу арасы бір-бірімен қиыспай, сабақтастық сақталмай отыр.

Бір жағынан алғанда, Бірыңғай дистрибьютор тізіміне көптік миеломаны емдеуге арналған препараттардың (бортезомиб және леналидомид) енгізілуі арқасында науқастар республикалық бюджет есебінен стационарларда тегін ем алуға мүмкіндігі бар. Екінші жағынан, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясындағы амбулаториялық тізімде (786-бұйрық) көптік миеломаны емдеуге арналған ҚР-да тіркелген препараттардың бірде біреуі жоқ.

Нәтижесінде  Сирек кездесетеін аурулар және препараттар тізімі аясында ғана өңірлік бюджет есебінен стационардан тыс емделуге болады. Көптеген науқастар ауруханадан шыққан соң инновациялық препараттардан қол үзіп қалады, өйткені аймақтық бюджетте бұл дәрілік заттарды сатып алуға қаржы қарастырылмаған.

Бортезомиб препараты тек инъекция түрінде ғана шығарылады, сондықтан осы дәрімен емдеген жағдайда науқасты тұрақты түрде аурухана жатқызып тұру қажеттілігін осы себеппен түсіндіруге болады. Алайда леналидомид (Ревлимид) препараты капсула түрінде шығарылады. Сондықтан осы тұста қарама-қайшы жағдай туындайды: капсула түріндегі леналидомид препараты амбулаторияда емделуге мүмкіндік береді, алайда осы дәрі көмегімен обырға қарсы терапиядан өту үшін науқасты ай сайын 21 күнге стационарға жатқызу қажет болады. Алайда стационарға тек осыған шынымен де мұқтаж науқастарды жатқызуға болар еді. Осының салдарынан мемлекет науқастарды күту үшін қосымша шығындарды көтеруге мәжбүр, сондай-ақ, бұл жағдай науқастардың қалыпты өмір сүріп, жұмыс жасауына кедергі жасайтындықтан, олардың өмір сүру сапасына да айтарлықтай нұқсан келтіруде.

Леналидомид иммуномодуляторы Қазақстан Республикасында 2014 жылы тіркеліп, 2015 жылдан бастап Сирек кездесетін препараттар тізіміне, ал 2016 жылдан бері Қазақстан ұлттық дәрілік заттар формулярына енгізілген. Мамандардың айтуынша, леналидомид – көптік миелома қайталанып туындаған жағдайда, сондай-ақ, жанама әсерлердің салдарынан басқа емдеу әдістерін қолдану мүмкін болмағанда немесе тиімсіз болып шыққанда, науқастарға көмектесетін инновациялық дәрі. 

Қазақстан Республикасында көптік миеломамен 380-ге тарта адам ауырады. 2016 жылы қайталанбалы немесе рефрактерлік көптік миеломаға шалдыққан 65 науқастың ішінен төртеуі ғана аймақтық бюджет есебінен леналидомидпен амбулаторияда ем қабылдай алды, олардың үшеуі Қауымдастық Маңғыстау облысы Прокуратурасының көмегіне жүгінгеннен кейін ғана осы мүмкіндікке қол жеткізе алды. Ақтөбе облысында ғана бұл мәселе жұмыс барысында шешімін тапты.

Қалған аймақтар бұл мақсат үшін қаржымыз жоқ деп жауап берді немесе Қауымдастықтың көмекке жүгінуін тіпті еш жауапсыз қалдырды.

Қауымдастық леналидомид препаратына және одан басқа дәрі-дәрмектерге мұқтаж нақты науқастарды көрсете отырып, осы дәрілік заттарды тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясындағы амбулаториялық тізімге енгізу туралы өтінішін тұрақты түрде Денсаулық сақтау министрлігіне жолдап отырады. Сондай-ақ, бұл өтініштер осыған дейін Президент әкімшілігіне, Парламент мәжілісінің депутаттарына, аймақтық денсаулық сақтау басқармаларына, әкімдіктерге, тағы да басқа құзыретті органдарға жолданған болатын.

Осы тұста леналидомид Батыс Еуропа мен АҚШ-да дәрі-дәрмек құнын өтеу бағдарламасы аясында терапияның екінші жолы ретінде кеңінен қолданылып отырғанын атап өту қажет. Осының арқасында науқастардың өмір сапасын жоғары деңгейде сақтай отырып, аурудың бетін қайтаруға мүмкіндік алынып отыр, нәтижесінде науқастардың өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай ұлғаюда.

Дер кезінде тиімділігі жоғары препараттармен ұзақ мерзімді терапия жүргізу арқасында көптік миелома толығымен ауыздықтауға болатын ауруға айналып отыр. Нәтижесінде науқас ұзақ өмір сүріп, толыққанды жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Дей тұрғанмен, препараттарды қабылдау үзілген жағдайда, бұл дәріге деген төзімділікті туындатып, аурудың қайталанып, асқынуына әкеліп соғатынын атап өту қажет.

 

Көптік миеломаны емдеуге арналған препараттарды (ленолидомид және бортезамиб) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясындасы амбулатория деңгейінде тегін қамтамасыз етілетін дәрілік заттар тізіміне енгізу осы мәселені шешуге көмектеспек. Бір жағынан, бұл аймақтардың бюджетіне түсетін салмақты алып тастаса, екінші жағынан, науқастардың инновациялық препараттарға қол жеткізуіне, олардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бермек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір