• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:16:50
Алматы
+35°

03 Наурыз, 2018 Денсаулық

Елжан Біртанов дәрігерлердің жалақысын көбейтудің жолын айтты

Мемлекетте денсаулық сақтау саласына құйылып жатқан қаржыны 20-30%-ға арттыру мүмкіндігі жоқ.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Солтүстік Қазақстан облысының медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.

Министр міндетті медициналық сақтандыру саласындағы басты мәселе сақтандырылмаған азаматтардың көптігінде (2,7 млн адам) екенін айтты.

«Бұл, ең алдымен, медицина қызметкерлері үшін қиындық туындатады. Ертең олар келіп, медициналық көмек толық көлемде көрсетілмейтінін біледі. Сондықтан да оларды барынша қамтуды ойластыру үстіндеміз», - деді Е. Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі диспансерлік есепте тұрған сырқаттар тізімін қысқарту жайлы туралы да айтты. Қазір ол тізімде 263 ауру бар.

«2 мың науқасқа қарайтын учаскелік дәрігер 263 аурудың барлығын бақылап отыруы мүмкін емес. Оны 30-ға дейін қысқарту жөніндегі бұйрық дайындап жатырмыз. Ресейде ол тізімге 36-38 ауру кіргізілген, кейбір елдерде тіпті 10 ауру бар. Бірақ бұдан басқалар бақылауда болмайды деген ұғым тумайды. Мұнда науқастың өзі де жауапты болуы қажет. Уақтылы тексеруге келмейтін болса, оның салдары үшін, төлем бөлігі бойынша, оған да жауапкершілік жүктеледі», - дейді Е. Біртанов.

Медицина мекемелерін цифрландыру жайына тоқтала келе, министр биыл қағазсыз құжат айналымын толықтай енгізу жоспарланып жатқанын айтты. Министрлік өкілдері бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдететініне сенімді болып отыр. Е. Біртанов кадрлар және жалақы саладағы басты мәселелердің бірі екендігін тілге тиек етті.

«Мемлекетте денсаулық сақтау саласына құйылып жатқан қаржыны 20-30%-ға арттыру мүмкіндігі жоқ. Біз ішкі резервтерді қарастыруымыз қажет. Тұрақты (стационарлық) мамандандырылған медициналық көмекке қаржының 60%-ы кетеді. Біз ақшаның көп бөлігін аурулардың алдын алуға емес, салдарымен күресуге жұмсап жатырмыз. Жаңа норматив бойынша стационарлардың санын екі есеге қысқартамыз», - деді ол.

Сонымен қатар қысқарту аудандық ауруханаларға қатысы жоқ екеніне сендіріп отыр. Ауруханалардың тиімділігін арттыру жөнінде министр 10 ұсақ аурухана салудың орнына үнемді режимде жұмыс істейтін 5-6 ірі аурухана салған жөн, ауруханаларды материалдық-техникалық жабдықтаудың да айтарлықтай қиындықтары бар екендігін айтты.

Е. Біртанов дәрігерлердің жалақысын ұйымдардың өз резервтерінің есебінен арттыруға кеңес берді. Көптеген ауруханалар шаруашылығы есебінен жұмыс істейді, олар лауазымдық еңбекақылар мен сыйақылар жүйесін өздері белгілейді. Ондай ауруханаларда жалақы бюджеттік ауруханаларға қарағанда 20%-ға жоғары.

Оның айтуынша, әкімшілік шығындарды, соның ішінде бас дәрігердің орынбасарлары санын да қайта қарау қажет. Ал шағын ауруханада бас дәрігердің орынбасары біреу болса да жеткілікті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір