• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:55:20
Алматы
+35°

19 Қараша, 2017 Спорт

Елордада «Алтын сақа» олимпиадасы мәресіне жетті

«Бұлақ көрсең, көзін аш...» дейді дана халқымыз. Дәл осы даналы сөзді мақсат еткен «Зерделі» ақыл ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуітұлының...

«Бұлақ көрсең, көзін аш...» дейді дана халқымыз. Дәл осы даналы сөзді мақсат еткен «Зерделі» ақыл ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуітұлының бастамасымен өтетін әрбір шара мектеп оқушыларының білімге деген құштарлығын арттыруға бағытталған.

астана

18 қараша күні жыл сайын дәстүрге айналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының марапаттау рәсімі өтті. «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен, қабілеті жоғары жас дарындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға Астана қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Сайыстың І кезеңі мектеп базасында өткізіліп, қатысушы 1500-ден астам оқушының ішінен жоғары ұпай жинаған 300-ге жуық оқушы ІІ кезеңге жіберілген болатын. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері анықталып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтарға ие болды. Дүбірлі додада топ жарып, І орын иелеген 4 оқушыға 50 000 теңге сыйлық сертификаты, ІІ орын алған 15 оқушыға 10 000 теңге көлемінде сыйлық сертификаты, ІІІ орын алған 25 оқушыға 5000 теңгеден сыйлық сертификаты табысталды.

астана

Бір айта кетерлігі – бірінші орын иеленген төрт оқушыға берілген қаржылай сыйлықты ұлтжанды азамат Омар Жусанбайұлы өз қалтасынан шығарды. «Ұлттың ертеңі – осы жас балалардың қолында. Ертең осы оқушылардың арасынан халықаралық сайыстарда нәтиже көрсетіп, үздік нәтижелерге жетсе, еліміздің ғылымы мен мәдениетінің дамуынан үлестерін қосса деп тілеймін», – дейді Омар Жусанбайұлы.

 астана

Деңгейі жоғары деп танылған 40 оқушы арнайы грамоталармен марапатталып, «Математика олимпиадасына дайындық бастамалары» атты оқу құралы сыйға тартылды. Олимпиадаға қатысқан мектеп оқушылырының орташа ұпайы және орындар саны бойынша жақсы нәтиже көрсеткен №73 физика-техникалық лицейіне «Алтын сақа» кубогі табысталды.

Мектеп оқушыларын ынталандырып, қабілетін арттыруға бағытталған олимпиадалар мен сайыстар орталықтың ұйымдастыуымен әлі де жалғасын табады.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір