• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:07:26
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 NEWS

Елімізге келетін мигранттардың 80 пайызын ТМД азаматтары құрайды

2018 жылы Қазақстанға 54 мыңнан аса ТМД азаматтары келді. Бұл туралы Астана қаласы ІІД-нің көші-қон қызметі басқармасы хабарлады

2018 жылы Қазақстанға 54 мыңнан аса ТМД азаматтары келді. Бұл туралы Астана қаласы ІІД-нің көші-қон қызметі басқармасы хабарлады.

Ведомство берген мәліметке сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы 5 айының ішінде елімізге келген мигранттардың 82 пайызы (54 722 адам) ТМД мемлекеттерінен, ал қалған 18 пайызы (12 286 адам) алыс шетелден келіпті.

Сондай-ақ ІІД-нің өкілдері қай мезгілде шет ел азаматтарының көбірек келетінін айтты.

«Жаз, көктем айларында шет ел азаматтары жұмыс істеуге көбірек келеді. Яғни, 27 358 адам еңбек ету үшін келді», – деді бөлім басшысы Жандос Ильясов.

Бұған қоса, 1 607 адам қызмет бойынша; 36 204 жеке істерімен; 181 турист ретінде; 862 білім алу үшін; 35 адам миссионерлік қызметпен; 761 адам басқа да мақсаттарымен келген.

Орталық ашылғалы елімізге Қытайдан – 3 479; Үндістаннан – 2 097; Моңғолиядан – 1 193; Түркиядан – 795, Өзбекстаннан – 37 846, Ресей Федерациясынан – 5 445, Қырғызстаннан – 6 091, Тәжікстаннан – 2 251, Әзербайжаннан – 1 825 адам келген.

Айта кетейік, 2018 жылдың 12 қаңтарында Астана қаласында миграциялық ХҚКО ашылған болатын. Аталған орталық көші-қон қызметін жақсарту үшін ашылған болатын. Оның басты мақсаты - көші-қон саласындағы кедергілерді жою, сондай-ақ шетелдік азаматтарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету болып табылады. Ол бойынша еңбек мигранттары әр 3 ай сайын тіркеліп, салықты төлеп отырады (1 айға 2 АЕК, 2 айға – 4 АЕК, 3 айға – 6 АЕК).

Миграциялық ХҚКО Иманов көшесінде, 31 орналасқан. Ол сағат таңғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Бұл жерде медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру нөмірін алуға болады. Бұған дейін шетелдіктер Астанада жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бес күн жүрсе, енді рұқсатты бір сағаттың ішінде рәсімдей алу мүмкіндігіне ие болды. Ал, алдағы уақытта осындай орталықты Есіл және Сарыарқа аудандарында ашу жоспарланып отыр.

Әбдрахманова Аминам Ахметжанқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір