• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:12:22
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2018 NEWS

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде циклонның ықпалы сақталып, кей жерлерде жауын-шашын түседі деп болжануда, республиканың оңтүстік және оңтүстік шығысында қалың қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. 

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасындатады, түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Алматы облысында тұман түседі, Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с күшейеді. 

Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Ақмола облысында тұман түсіп, бұрқасындатады. 

Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертең Ақтөбе облысының  кей жерлерінде тұман түседі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір