• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:51:18
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2018 NEWS

Еліміздің кей өңірінде жел күшейіп, найзағай түседі

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометтің дерегін негізге ала отырып. 

Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман, кей өңірлерде көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде найзағай болады.

Жамбыл облысында жел күшейеді, екпіні 23-28м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с, кей жерлерде тұман, найзағай түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с,  кей жерлерде тұман, найзағай болады. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің екпіні 23-28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, қатты жел болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде бұрқасындатады.

Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде — көктайғақ, Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. 

Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с болады деп болжанған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір