• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:58:26
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 Әлеумет

Еліміздің эфирінде жүрген барлық буын үлкен құрметке лайық – Дәурен Абаев

Отандық телевизия саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсаған ардагерлерімізді ұлықтау, еңбектерін ұмытпау біздің басты міндетіміз.

16 наурызда «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Республикалық, аймақтық телеарналарда еңбек етіп жүрген шығармашылық топтарды ынталандыру мақсатында қолға алынған бұл шара осымен екінші рет ұйымдастырылғалы отыр. 

Биыл «Тұмар» бәйгесі қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойы аясында өтетіні де өте қуанышты. Өйткені бұл күнді ел журналистикасы үшін айтулы дата десек те қателеспейміз», - деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ министр  телевизия саласында қызмет еткен және еңбек етіп келе жатқан майталмандарды қазақ телевизиясының 60 жылдығымен құттықтады.

«60 жыл аз уақыт емес. Осы уақыт аралығында қазақ телевизиясы жан-жақты өсті. Осы орайда отандық телевизия саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсаған ардагерлерімізді ұлықтау, еңбектерін ұмытпау біздің басты міндетіміз. 

Алматыдан ең алғаш барша жұртқа хабар таратқан дикторлар мен редакторлардың, техникалық топтың атқарған игі істері елдің есінде. Қазақ телевизиясының әр саласында түрлі қызмет жасаған әлі де еңбек етіп келе жатқан аға-апаларымыздың өнегелі ісін жас ұрпаққа үлгі етуге тиіспіз. Теле сала ардагерлерінің арасында өмірден өтіп кеткен майталман мамандар да болды. Ол тұлғаларымыздың бейнесі мен дауысы, қолтаңбасы архивте сақтаулы. 

Әлі күнге дейін жас журналистердің бойына білген-түйгенін, мол тәжіребиесін сіңіріп жүрген корифейлеріміз бар. Мәтін зергерлері мен сөз шеберлерін, режиссер, операторларды қазақ телевизиясының 60 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 

Еліміздің эфирінде жүрген барлық буын үлкен құрметке лайық. Сіздерге зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеймін!», - деді министр.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір