• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:35:03
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2018 NEWS

Еліміздегі жеті облыста дабылды ескерту жарияланды

Алдағы үш күнге жеті облыс пен Алматы қаласында дабылды ескерту жарияланды

Алдағы үш күнге жеті облыс пен Алматы қаласында жауын-шашынның мол түсіп, ауа температурасының жоғарылауына байланысты дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

14-16 наурызда Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсіп, нөлден жоғары ауа температурасының сақталуына байланысты өңірдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар еруі мүмкін. 

14-16 наурызда Қызылорда облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, нөлден жоғары ауа температурасының сақталуына байланысты облыстың оңтүстігінде өзен арналары қысылып, су деңгейі жоғарылап, алқаптарға су жайылуы ықтимал. 

16 наурызда Алматы облысы және Алматы қаласы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын түседі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, бұдан бөлек жылы ауа температурасының сақталуы өзен арналарының қысылуы мен мұздықтардың жібуіне әкеледі (Алматы облысында). Жазық аудандарда қар еріп, ал таулы аудандарда баурайлы ағындар қалыптасып, су деңгейі жоғарылайды деп болжанып отыр. 

14 ші наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір