• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:16:48
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 NEWS

Елімізде үш жылда 2,5 мыңнан астам адам жемқорлықпен сотталған

Арасында шенеуніктер мен мемлекеттік компания басшылары да бар

Соңғы 3 жылда елімізде жемқорлыққа жол берген 2 жарым мыңнан аса адам сотталды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды. Арасында шенеуніктер мен мемлекеттік компания басшылары да бар. 17 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды.

Осылай деген Елбасы халыққа жолдауында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі тақырыбына тоқталып, осы бағытта ауқымды істер атқарылып жатқанын айтты. Тиісті мәселені қозғай отырып, Президент мемлекеттік органдардағы үдерістерді цифрландыру маңыздылығын да атап өтті. «Осы ретте халық өтініштерінің қарастырылу барысын қадағалап, көкейіндегі сұрақтарға уақытылы жауап алу», – керек дейді. Елбасы сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді де тілге тиек етті. Атап айтқанда, қазір заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқығын қорғауды көздейтін нормалар енгізіліп жатыр. Адвокаттардың құқығы кеңейтілген. Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік аймағы да ажыратылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір