• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:41:58
Алматы
+35°

12 Қазан, 2017 Әлеумет

Елімізде ата-ана қамқорлығына мұқтаж 27 мың бала бар

Асырап алудан бас тартқаннан кейін баланың балалар үйіне қайта оралуы сияқты жағдайлар да жиі орын алады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Ержан Ерсайынов, «Дара» қорының президенті Мәдина Бакиева, «Бала отбасында өмір сүруі тиіс» ЖҚ жетекшісі Шолпан Байболова, психолог және бала асырап алушы Елена Гендриксон, бала асырап алушы Марат Қабылбаев жетім балалардың мәселесін талқылады. Жиын барысында Ержан Ерсайынов «Қазақстанда 27 мың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар» деді. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

 «Бұл еліміз бойынша жалпы бала санының 0,5% құрайды. Оның ішінде 21 мың бала (75%) қазақстандық азаматтардың қамқорлығымен асырап алынса, 6 мыңнан астамы (25%) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 140 мекемеде тәрбиеленіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттар ұйымның отбасылық формаларының тәжірибесін кеңейтудің құқықтық тетіктерін әзірлеуге бағытталған», - деді Ержан Ерсайынов.

Сонымен қатар ол ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санын қысқартудың оң динамикасы байқалатынын баяндады.

- Мәселен, 2014 жылы олардың саны 6 мыңнан асса, 2017 жылдың басында бұл көрсеткіш 2 мыңға азайған. Соңғы екі жылдың ішінде жетім балаларға арналған мекемелердің саны 48-ге қысқарды (188-ден 140 дейін). 4 мыңнан астам балалар үйінің тәрбиеленушілері асырап алудың (626 бала), патронат (696 бала), қамқорлыққа алудың (1145 бала) және өз туған ата-анасына (1862 бала) қайтарылуының арқасында отбасын тапты. Сонымен қатар, соңғы 10 жылда аталмыш мекемелердің тәрбиеленушілерінің жалпы контингенті 10000 балаға (2007 жылғы 1 746-дан 2017 жылы 7236-ға дейін) азайды. Жыл сайын елімізде 900-ден астам ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылады, 3 мыңнан астам бүлдіршін балалар үйіне түседі, 6 мыңға жуық бала бейімделу орталықтарына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 40% білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік даму орталықтарына орналастырылады. Асырап алудан бас тартқаннан кейін баланың балалар үйіне қайта оралуы сияқты жағдайлар да жиі орын алады,- деді спикер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір