• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:23:03
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 NEWS

Электронды еңбек биржасы арқылы 18 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа тұрды

Бүгін “www.enbek.kz порталының алғашқы жұмыс нәтижелері” тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің медиа-орталығында “www.enbek.kz порталының алғашқы жұмыс нәтижелері” тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б.Әлтаев пен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Арғындықов Д.Р. қатысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

www.enbek.kz Электрондық еңбек биржасы 2018 жылдың қаңтарында іске қосылды. Сайт жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді, сондай-ақ мемлекеттік жұмыспен қамту органдары, жұмыспен қамтудың жеке агенттіктері мен жұмысқа орналасу бойынша интернет-алаңдарды біріктіреді.

Порталға 34 жұмыспен қамту жеке агенттіктері, 5 БАҚ пен жұмыс іздеу бойынша 4 сайт кірді: hipo.kz, market.kz, rabota.nur.kz, zarplata.kz. Бір айдың ішінде www.enbek.kz сайтына 50 мыңнан астам түйіндеме мен 30 мыңнан астам бос орын туралы ұсыныс түскен.

Статистикаға сәйкес, жұмыс берушілер көбіне келесі мамандықтар бойынша бос орындар жариялайды:

  • қосалқы қызметкер - 1 695,
  • бала тәрбилеушісі - 406,
  • көлік жүргізушісі - 405,
  • өнідірістік және қызметтік орындарды тазалаушы - 378,
  • медбике - 335,
  • бала тәрбиелеушісінің көмекшісі – 286.

Ал жұмыс іздеушілер бойынша статистика төмендегідей:

- қосалқы қызметкер – 8 406,

- әлеуметтік қызметкер – 2 542,

- заңгер – 1 022,

- көлік жүргізушісі – 840,

«Электрондық еңбек биржасы әкімшілік кедергілерді жойып, бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік береді. Оған қоса, портал халықты жұмыспен қамту орталықтарын HR-қызметке айналдыруға, кадрлік агенттіктерге ортақ ақпараттық базаны қолдануға мүмкіндік береді. Статистикаға жүгінсек, елімізде 2 млн-нан астам адам үнемі «қозғалыста», яғни бірі еңбек нарығынан кетеді, бірі жұмыс ауыстырса, келесісі қызметке тұрады. 1,7 млн-ы өз бетімен жұмыс табады, алайда олардың барлығы дерлік тиімді қызметке тұрды деп айтуға болмайды», - дейді вице-министр Нұржан Әлтаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Электронды еңбек биржасы 2017 жылы қазан айында Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларының Жұмыспен қамту орталықтарында пилоттық жоба ретінде іске қосылды. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның бүкіл аумағы қамтылды.

«Электрондық еңбек биржасы азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан әрбір адамға жұмысқа орналасуға көмектеседі. Жалақысы жоғары жұмыс мамандарға, басшыларға және мамандығы бар тұлғаларға ұсынылады. Бүгінгі күні порталда жалақысы 200 000 теңгеден басталатын 440 бос жұмыс орыны жарияланған», – деп атап өтті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов.

Жыл басынан бері www.enbek.kz  сайтының қаралымы 70 мыңға дейін жетті.  Бүгінгі таңда порталда 49 мыңнан астам жұмыс іздеуші мен 14 мыңға жуық жұмыс беруші тіркелді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір