• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:07:36
+35°

22 Қыркүйек, 2017 Алаш-Орда

Елдес Омарұлының кітабы жарық көрді

«Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Ақылбек Шаяхметтің алғысөзі берілген.

Биылғы жылы Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл, Алаш арысы Елдес Омарұлының туғанына 125 жыл толып отыр.  Осыдан бірнеше ай бұрын «Qzmshy.kz» ақпараттық агенттігі  «АЛАШ АРЫСЫ ЕЛДЕС ОМАРҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫН ШЫҒАРУ ҮШІН ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ!» деген мақала жариялап,«Наурыздың 15-інде Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне арналған ғылыми конференцияда Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбек Шаяхмет Қостанайдан арнайы келіп Байтұрсынов мұрасы туралы баяндама жасады» - деп атап көрсетіп, жазушы жинақтаған  кітаптан үзінділер басқан еді. Сол игі бастама жалғасын тауып, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың демеушілігімен Астанадағы «Фолиант» баспасынан көрнекті мемлекет қайраткерінің шығармалар жинағы қазақ және орыс тілдерінде мың дана таралыммен жарық көрді. Кітапты құрастырған ғылым докторы Марат Шуақаев пен профессор Ақылбек Шаяхмет.

Алаш ардақтысы Елдес Омарұлының шығармалар жинағына оның қазақ және орыс тілдерінде жазылған шығармалары енгізілді. Бірақ, ғалымның еңбектері бұл кітапта түгел қамтылмаған. Көптеген туындылары әлі жинастырылмаған немесе араб және латын әрпінен кирилл әрпіне көшірілмеген. Бұл туындыларды мұрағаттан тауып, жариялау келешекте ғалымдардың үлесінде. Әзірше қолда бар шығармалар ғана оқырмандар назарына ұсынылып отыр. Кітап әдебиет зерттеушілдеріне, тілші ғалымдарға, Алаш тарихы мен әдебиетіне қызығушылық танытқан барша оқырманға арналған.

            Төрт бөлімнен тұратын жинақтан Елдес Омарұлының мақалалары және баяндамаларымен, мұрағаттар материалдарымен, Елдес Омарұлы туралы пікірлермен және құжаттармен танысуға болады.

Кітапта Махмұт Қашқари атындағы түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін халықаралық сыйлықтың, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Ақылбек Шаяхметтің алғысөзі берілген.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір