• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:53:40
Алматы
+35°

26 Маусым, 2018 Саясат

Елбасының БАҚ саласына арналған сыйлықтары мен гранттары табысталды

Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

сыйлық

"Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп, 

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары 

- «іnformburo.kz» интернет-порталының бас редакторына отандық бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпараттық-сараптамалық электронды ресурстарды дамытуға қосқан үлесі үшін Дорофеев Михаил Викторовичке;

- «Астана» республикалық телеарнасының бас директорына қазақстандық журналистиканы және ұлттық телевидениені дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Танысбай Ләззат Мұратқызына беріледі. 

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттар:

- «Хабар» республикалық телеарнасының сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты әрі сапалы жариялап-көрсеткені үшін Әділова Айгүл Нұрханқызына; 

- «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасарына отандық телевидениедегі ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды ілгерілету ісінде қол жеткізген кәсіби жетістіктері үшін Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлына тапсырылады.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президенттің алғысы 

- отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін «Алматы» телеарнасының шығармашылық ұжымына;

- Астананың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуындағы маңызды тақырыптар мен негізгі мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін «Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына;

- еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу ісіне және қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін «Балдырған» республикалық балалар журналының шығармашылық ұжымына;

Қазақстандағы Өзбекстан жылын және түрлі салалардағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын дамыту мәселелерін жариялап-көрсеткені үшін «Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясы» шығармашылық ұжымына жарияланды", - делінген хабарламада. 

Естеріңізге салсақ, байланыс және ақпарат саласы мамандарының кәсіби мерекесі Қазақстанда 28 маусымда атап өтіледі. Осыған дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БАҚ саласы бойынша Елбасының сыйлығына ие болғандар 4 миллион, ал грант иегерлері 3 млн 215 мың теңгеден алады деп мәлімдеген болатын

Araily Zhaqsylyq

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір