• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:45:14
Алматы
+35°

06 Шілде, 2018 Әлеумет

Елбасының әр жылдары айтқан нақыл сөздері

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толды.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толды. Осыған орай Qamshy.kz ақпарат агенттігі Елбасының әр жылдары айтқан нақыл сөздеріне бір шолу жасағанды жөн көрді. 

Назарбаев саясат жайлы:

Саясат безбеншесі – ел.

Саясаттың негізгі мақсаты – адам, қоғам, ел қамы.

Назарбаев қазақ ұлты, халық жайлы:

Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.

Ұлты өзінің мемлекетінсіз – ұлт болып өмір сүре алмақ емес.

Бiздiң толерантты да iскер халқымыз жылдан-жылға әлемге өзiнiң оң табыстарын, өзiнiң алға үздiксiз iлгерiлеуiн паш еттi. Және де айрықша қазақстандық артықшылығымыз мынада болды, бiз революциялық дiлмарсуға ұрынбадық.

Бiздiң халқымыз үшiн тұрақтылық, келiсiм, теңқұқылық басты құндылықтар екенiн әрдайым ұстау керек.

Нұрсұлтан Назарбаев Отан жайлы:

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Назарбаев патриоттық сезім жайлы:

Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.

Нағыз патриот - өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар.

Назарбаев тіл жайлы:

Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз.

Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

Елбасы білім жайлы:

Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ.

Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады.

Елбасы қоғам, адам, өмір жайлы:

Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.

Қазір - ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Ең сенімді валюта - адамның еңбегі, мұны есте сақтау керек.

Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек.

Уақытты таңдамайды - онда өмір сүреді.

Жаһандық әлем өңiрлер бойынша бiрiгуде – бұл қазiргi дүниеде аман болудың шарты да. Бiз озық болдық, бiз мұны белсендi түрде жүзеге асырдық, бiз сөйтiп табысқа қол жеткiздiк.

Елбасы тәуелсіздік жайлы:

Бүгiнгi өз келешегiне бет алған тәуелсiз Қазақстан – бұл бiздiң ортақ жетiстiгiмiз, бұл бiздiң ортақ мақтанышымыз! Өз сөзiмдi аяқтай келе, мен бүкiл көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгiштiгi мен ел игiлiгi және елiмiздiң Тәуелсiздiгi жолындағы жасампаздық еңбегi үшiн алғысымды айтқым келедi.

Қазақстанның егемен, тәуелсiз мемлекет ретiнде орныққаны айқын болып отыр. Бiз әлемдiк қауымдастыққа абыройлы кiрiгiп, өз айналамызда қолайлы халықаралық ахуал қалыптастыра алдық, әлемнiң жетекшi елдерiмен саяси, экономикалық және мәдени салаларда ынтымақтастықты жолға қоя бiлдiк.40 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

…бiздiң жеке шаңырақ көтергеннен кейiнгi жанкештi еңбегiмiздiң, толағай табысымыздың ең толымдысы әрi баға жетпес құндылығы, ел егемендiгiн баянды етудiң берiк қамалы, Тәуелсiздiк жүрегiне қан жүгiрткен сарқылмас қуат көзi.

Қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол – бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты қажет болса, Тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет.

Елбасы махаббат жайлы:

Махаббат деген еліңе, махаббат деген жеріңе, жанұяңа, балаңа, әке-шешеңе. Махаббат деген - үлкен нәрсе. Махаббат деген Отан деген сөз. Махаббат деген үй деген сөз. Махаббат деген ғашығың деген сөз. Сол махаббат барлықтарыңның жүректеріңде әр уақытта сөнбесін. Оны жүректеріңізде ұстаңыздар.

Жас жұбайлар үйленген тойынан кейін көлдің жағасында тұруға келеді және қарама-қарсы жағалауда қоныстануды жөн көреді. Жас келіншек: «Елестетіп көрші, саябақта серуендеп жүріп, кездесіп қаламыз және сені бір шынаяқ шәй ішуге шақыра аламын. Егер сен оны қаламасаң - өз еркің. Қайықта жүзіп келе жатып, қайығымыз түйісіп қалады және қонаққа бару үшін жағалаулардың біріне аялдаймыз. Осылайша, біз бір-бірімізге деген ынтызарлықты сақтай аламыз». Ері ойлана келе, бұл ұсынысқа келісім бермейді. Жылдар өтіп, махаббаттың ынтызарлығы бәсеңдеді. Өйткені ол таңдау жасағанда қателесті

Сирек жолыққан сайын, махаббатымыз сақтала түседі

Президент дін жайлы:

Егер жастарымыз халқымызға жат уағыздарға ерсе, мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Біз бұған жол бермейміз. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, ұлтымыз тату болып, еліміз зайырлы мемлекет ретінде одан әрі дамуға тиіс. Біз өзіміздің игі мақсатымызға қарсы шыққандарға көне алмаймыз. Бұл – мемлекеттік аппараттың ғана емес, барша Қазақстан халқының, оның болашағының мүддесі.

Нағыз мұсылманды киген киімінен емес, ішкі иманынан таниды. Кімнің жүрегінде сүйіспеншілік болса, соның иманы бар. Біз өркениетті әлемге қарай қадам басып, ғылым мен білім есігін ашуымыз қажет. XVIII-XIX ғасырларға дейін мұсылман дүниесі бүкіл әлемде көшбасшы болды. Ол ғылымның қайнар көзі, философтардың, дәрігерлер мен жазушылардың отаны болды. Қазір біз бұл жағынан көшбасшылық орнымыздан айырылып қалдық.

 Дінді жаратушы бір, бірақ діннің жолдары бөлек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір