• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:18:41
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2018 Саясат

Елбасының АҚШ-қа сапарының маңызын Қарин Ақүйден тікелей эфирде түсіндірді

Ақ үйдегі келіссөздер аяқталған соң Дональд Трамптың Нұрсұлтан Назарбаевты шығарып салған сәтінің видеосы да жарияланды.

16 қаңтарда АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысын Ақ үй басшысы өзі қарсы алып, қол алысқан сәтін «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында тікелей эфир арқылы көрсетті.

Сондай-ақ Ерлан Қарин Нұрсұлтан Назарбаевтың америкалық журналистердің сауалына жауап берген тұсын да өз парақшасына салды. Видеодан байқағанымыздай, өзін сенімді әрі еркін ұстаған Елбасы журналистердің назарын өзіне аудара білген.

Ақ үйдегі келіссөздер аяқталған соң Дональд Трамптың Нұрсұлтан Назарбаевты шығарып салған сәтінің видеосы да жарияланды.

Айта кетейік, Елбасы 16 қаңтар күні АҚШ-қа ресми сапармен барып, Ақ үйде Дональд Трамппен келіссөздер өткізді. Келіссөздерден кейін Назарбаев шетелдік инвестициялар жөніндегі корпорация басшылығымен, АҚШ-тың энергетика министрі Рик Перримен және Американың іскер топтар өкілдерімен кездесті.

Сапар аясында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты 7 миллиард доллардың 20-дан астам коммерциялық құжатына қол қойылған. Бұл қаржы авиация және ғарыштық зерттеулер, мұнай химиясы мен ауыл шаруашылығы және инфра құрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыруға бөлінбек.

Сонымен қатар үкіметаралық үш келісім жасалған. Олар – Мемлекеттік әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсеткені үшін ақы алмау туралы келісім, Қазақстан территориясы арқылы коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету келісімге хаттама және Халықаралық салық дисциплинасын жетілдіру туралы келісім.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір