• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:52:52
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2018 Әлеумет

«Елбасы Жолдауы: жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» дөңгелек үстелі өтеді

Ісшараға ҚР Парламентінің депутаттары, кітап авторлары, ғалымдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері,БАҚ өкілдеріқатысады.

19 қаңтарда Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Конституция залында Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Елбасы Жолдауы: жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өткізеді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауының рухани өмірдегі маңызы кеңінен талқыланады. Қазақ тілінің жаңа жаһандық кезеңдегі даму бағыты, латын әліпбиіне көшудің маңызы қарастырылады.

Ісшара барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында дайындалған энциклопедия, оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, танымдық кітаптардың тұсаукесері өтеді.

«Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясы, «Қазақ сөзі» қазақ тілінің белсенді лексика-грамматикалық минимумының әдістемелік кешені 1200 сөз. Оқу құралы + мультимедиалық бағдарламасы СД (диск)», «Қазақ сөзі» қазақ тілінің белсенді лексика-грамматикалық минимумының әдістемелік кешкені 1500 сөз.Оқу құралы + мультимедиалық бағдарламасы СД (диск)», «Ана тілі» (Украин) Оқу құралы», «Ана тілі» (Украин) Әдістеме құралы», «Балаларға базарлық» (Ана тілін үйрету құралдары), «Сөз сыны. Тіл туралы мақал- мәтелдер, қанатты сөздер. Жинақ», «Қазақстанның 70 тарихи орны», «Алаш қозғалысы (Алаш қозғалысына, партиясына, Алашорда үкіметіне арналған өлеңдер, әдеби шығармалар),«Алаш қозғалысы. Балаларға

арналғананықтамалық», «Әдістеме әлемінде» (ғылыми-әдістемелік жинақ), «Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш (француз-орыс- қазақ)»,«Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш ( испан-орыс- қазақ)»,«Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш (қытай-орыс- қазақ)»,«Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш (араб-орыс- қазақ)», «Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш (ағылшын-орыс- қазақ)» кітаптарының таныстырылымы болады.

Ісшараға ҚР Парламентінің депутаттары, кітап авторлары, ғалымдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері,БАҚ өкілдеріқатысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір