• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:11:16
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 Саясат

Елбасы Сочидегі саммиттен кейін БҚО-ға барды

Сапары барысында Елбасы тұтас жиһаз жасаудың технологиялық үдерісімен танысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен БҚО-да жүр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сүйеніп.

Сапары барысында Елбасы «Квант» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жиһаз жасайтын фабрикасына барды. Онда тұтас жиһаз жасаудың технологиялық үдерісімен танысты.

Қазақстан Президентіне кәсіпорынның қазіргі қаржы-шаруашылық жағдайы туралы мәлімет ұсынылып, өндіріс ауқымын ұлғайту және дайын өнім тізбесін кеңейту жоспары жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, фабриканы аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, соның ішінде өнеркәсіп секторының, шағын және орта бизнестің қазіргі ахуалы мен перспективалары жөнінде баяндалды.

Бұдан бөлек, кәсіпорын аумағында Мемлекет басшысына индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, фин технологиясы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін жаңғырту, ірі қара мен ұсақ малдың терісін өңдеу, нан және макарон өнімдерін өндіру, химия өндірісі, дизель отынының компоненттерін гидротазалау жөніндегі жобалар бар.

«Квант» компаниясы поролон, матрас, тұтас және жұмсақ жиһаз жасаумен айналысады. Өндірісте қолданылатын барлық материал экологиялық тұрғыдан таза әрі мемлекеттік стандарттарға сай келеді.

Жиһаз еуропалық тауар өндірушілердің заманауи құрал-жабдығымен озық технологиялар қолданыла отырып жасалады.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір