• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:08:07
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 Саясат

Елбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырып, мемлекет қаражатын тиімді пайдалану керектігін айтты.

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа заң қыбылданғалы 3400 қылмыстық іс әшкереленген. Соның салдарынан 15 млрд теңге шығын анықталып, 11-і мемлекетке қайтарылды. Қайрат Қожамжаров Президентке осы салада атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есеп берді.

Президенттің биылғы жолдауының соңғы абзацында жемқорлықпен күрес туралы айтылған. 

"Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.

Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру.

Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша енгізуді тапсырамын.

Квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия және жер қойнауын пайдалану салаларында да сатып алу шараларын өткізу әдістерін түбегейлі қайта қарастыру керек.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс", - делінген жолдауда.

Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырып, мемлекет қаражатын тиімді пайдалану керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Кейінгі жылдардың ішінде жемқорлыққа қарсы күрес үлкен қарқын алды десе болады. Осы мәселе жөнінде жаңа заңға қол қойған кезде қызметкерлерге лауазымды адамдарға маған жақын адамдардың барлығына жеңілдік болмайды заңды түрде шұғылданамын осымен деп.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің агенттіктің қызметкерлері соның ішінде төрағаның орынбасарлары соңғы жарты жылда бүкіл Еуропа, Америка, Шығыс елдеріне біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметін көрсетіп келе жатыр. Сонда ең бастысы Қазақстанда үлкен маштабта жүргізіліп жатқан Елбасының саяси жігерлігі айтылады. Сонымен қатар бүгінгі қабылданған заңнаманың барлығы да қазіргі уақытқа сай. 3400 қылмыстық іс әшкереледік. Соның 1000 сотқа берілді. 15 млрд шығын айқындалып, 11 млрд қаржыны орнына қойдық. Бүгінгі күні бұл жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сондықтан айтатынымыз, барлық қызметкерлерге, жергілікті басшыларға, әкімшіліктерге мемлекеттік қаржыны үнемдеу керек. Ол қаржыға қожа ретінде қарау керек. Мемлекеттің ақшасы – халықтың ақшасы. Осы жұмыстарды әрі қарай да жақсылап жүргізетін болайық.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір