• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:03:19
Алматы
+35°

18 Қараша, 2017 NEWS

Елбасы Қырғызстанның жаңа президентіне жеделхат жолдады

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековті...

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтады, — деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасай отырып.    

16 қарашада Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков 59 жасқа толды.   

«Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Біз бауырластық пен ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қарым-қатынасымызды дамыту үшін бірлескен жұмысты жалғастыра беретінімізге сенімдімін. Сіздің игі істеріңіз жемісті болсын, күш-қуатыңыз сарқылмасын. Осы сәтті пайдаланып, сізге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін», — деп жазылған құттықтау жеделхатында.  

Еске сала кететін болсақ, Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда президент болып сайланды. Ұлықтау рәсімі 24 қарашада өтеді. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір