• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:26:39
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 Саясат

Елбасы Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекітті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекітті.

Елбасы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат мәтіні төмендегідей:

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын басшылыққа алсын және оны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Президенті                                                                     

 Н.Назарбаев                                                             

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 15 ақпан                       

№ 636

Жарлыққа қосымшаны мына жерден көруге болады.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір