• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:04:08
Алматы
+35°

19 Қаңтар, 2018 NEWS

Елбасы Өзбекстан президентіне көңіл айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының...

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіре отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін» делінген жеделхатта. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Еске сала кетсек, Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болғаны туралы хабарлағанбыз. Өртеніп кеткен автобус техникалық тексерістен өтпегені белгілі болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір