• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:26:44
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 NEWS

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонмен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен бүгін елімізге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен бүгін елімізге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Тәжікстан делегациясына қош келдіңіздер дейміз. Қаншама жылдардан бергі достық қарым-қатынасымыздың, бауырлас ел ретінде араласуымыздың арқасында біз үлкен сенімге ие болдық. Екі елдің арасында қандай да бір саяси мәселелер туындаған емес. Біз қашан да барлық бағыттар бойынша Тәжікстанды қолдауға, көмек көрсетуге дайынбыз», - деді Елбасы Тәжікстан президентімен кездесу барысында.

Бүгінгі ресми кездесуде екі елдің басшылары бірақатар мәселелерді талқылап, жаңа мемлекетаралық келіссөздерге қол қояды деп күтілуде.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Тәжікстан азаматтарының сол елдерге келіп-кету ережесін, көші-қон ережелері және де қарсы тараптың азаматтарын елде қабылдау ережелеріне де қатысты келіссөздер жасалмақ.

Айта кетсек, Екі жақ жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, әріптестік көкжиегін кеңейтпек.  Соңғы жылдары екі елдің қарым-қатынасы қарқын алып келеді. Былтыр өзара  алыс-беріс 800 млн долларға жуықтаған. 2016 жылмен салыстырғанда өсім 32 пайыз. Енді осы қарқыннан таймай, сауда-саттықты еселей түсу маңызды. Осы орайда бүгінгі келіссөздерің қос ел үшін де маңызы зор.

Көшбасшылар өңірлік, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге де назар аударады деп жоспарланып отыр. Бұған қоса, көлік-логистика саласындағы серіктестікке серпін беру де ойда бар. Алдағы уақытта өзбек-тәжік шекарасында көлік өткізетін 16 қосын ашылады. Бұл жағдай Орталық Азия мемлекеттерінің алыс-берісін арттыруға септігін тигізуі тиіс. Демек, енді Қазақстан мен Тәжікстан сауда-саттығын дамытып, көліктік қарым-қатынасын одан әрі нығайта түспек.

Естеріңізге сала кетсек, 15 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон Орталық Азия елдері басшыларының Астанада өтетін жиынына қатысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір