• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:09:11
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2018 NEWS

Елбасы министрге: Үшінші ескерту соңғы болуы мүмкін

Тексерушілер санын қысқартуды ескере отырып, қадағалау-тексеру қызметтеріне ауқымды ревизия жүргізуді тапсырған болатынмын

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа екі ескерту жасап, үшіншісі соңғы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың сөзіне қарағанда, ведомство тарапынан кедендік тексерулерді 37,5 пайызға қысқарту жоспарланған. Дегенмен, бұл жоспар артығымен орындалып, салықтық әрі кедендік тексерулер 45 пайызға азайды.

«Жалпы бұл тексерушілер басқа бағытқа ауыстырылды. Себебі қазіргі кезде Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ауқымды жұмыстар басталды. Бұл жердегі кейбір бекеттер бойынша тәулік бойы бақылауға көштік. Сондықтан адамдардың бір бөлігін осында көшірдік. Бұдан бөлек, тексерушілердің негізгі бөлігін экспорттық бақылау бойынша мақсаттарды шешуге ауыстырудамыз. Бұл міндетті институционалды түрде бекітіп, жақын арада қайта құрылымдауымыз керек. Тексерушілер санын 600 адамға азайтып, оларды аталған бағыттарға ауыстырамыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

«Тексерушілер санын қысқартуды ескере отырып, қадағалау-тексеру қызметтеріне ауқымды ревизия жүргізуді тапсырған болатынмын. Салық органдарын оңтайландырып, қызметкерлер санын қысқартуы керек еді. Нақтырақ айтқанда, Қаржы министрлігі 600 адам туралы айтты. Енді сіздер қысқартудың орнына, оларды басқа бағыттарға ауыстыратындарыңды айтып жатсыздар. Бұл қаншалықты өзін ақтайды», - деп сұрады Президент Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтан.

«Мен саған екінші ескерту жасап отырымын. Үшіншісі соңғы болуы мүмкін. Жұмысыңды атқар. Барлығын тәртіпке келтіру керек, барша Үкімет осымен айналысуы тиіс», - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір