• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:00:35
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 Саясат

Елбасы Куба басшысына жеделхатпен көңіл айтты

"Зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", – делінген Елбасы жолдаған жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасады.
 
Мемлекет басшысы Гавана қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осынау қиын сәтте, қаза болғандардың туыстары мен жақындарының, сондай-ақ барлық Куба халқының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген Елбасы жолдаған жеделхатта.

Айта кетейік, 18 мамырда Гавана әуежайынан елдің шығысындағы Ольгин қаласына ұшып шыққан Куба мемлекеттік әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы әуеге көтеріле салысымен көп ұзамай жерге құлаған. Кей деректерге сүйенсек, жолаушылар ұшағында болған жүзден астам адамның үшеуі тірі қалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір