• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:43:39
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2018 Экономика

Елбасы Бишімбаев жайлы: Оған жаным ашиды…

Назарбаев экс-министр Қуандық Бишімбаевқа артқан үміттің аяққа тапталғанын айтып, өкінішін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет үйіндегі отырыста бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыра береміз. Соңғы екі жылда жалпы саны 2200 шенді-шенеунік жауапқа тартылған екен. Араларында министрлер, әкім-қаралар да баршылық», — деді Назарбаев. 

Сонымен қатар экс-министр Қуандық Бишімбаевқа артқан үміттің аяққа тапталғанын айтып, өкінішін жеткізді.

«Қуандыққа жаным ашиды. «Болашақпен» оқыттық,  үлкен үміт күттік. Арты осылай болды. Бұларды үлкен қызметке даярлауға қаншама уақыт, қыруар қаржы жұмсадық. Әрине, өкінесің», — деді президент.

Айта кетейік, Бишімбаевтің соты былтыр қарашада басталған.  Экс-министр «Бәйтерек Development» ісі бойынша тергеліп жатыр. Бишімбаев мемлекет қаржысын қымқырды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр, алайда ол өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Сот барысында Назарбаевтан және халқынан кешірім сұрады. Себебі, өзінің айтуынша, қол астындағы қызметкерлерге көзсіз сеніп қалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір