• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:31:17
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Саясат

Елбасы: Биылғы форум жаһандық сындарға тиімді жауап іздеуге бағытталған

Өзара сенбеушілік, қарсыластықтың ұстанымын түсінуді қаламау жиі орын алуда. Бұл әлем үшін өте күрделі кезең

Бүгін Global Challenges Summit 2018 форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер арасындағы келіспеушілік сынды мәселелерге тоқталып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Астана экономикалық форумына қатысу жақсы дәстүрге айналып келеді. Осы орайда осында келген қонақтарымызға, жалпы біздің азаматтарға алғысымды айтамын. 11-ші рет форум әлемдік экономиканың инвестициялары мен инновацияларының ең маңызды мәселелерін талқылау алаңы болып отыр. Былтырғы форумнан бері біз әлемдегі орасан зор өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Жаңадан текетірес, конфронтациялар пайда болуда, мемлекеттер арасында келісімге келу қиындап бара жатыр. Әсіресе, үлкен мемлекеттер арасында. Өзара сенбеушілік, қарсыластықтың ұстанымын түсінуді қаламау жиі орын алуда. Бұл әлем үшін өте күрделі кезең», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған қоса Елбасы қиындықтарды шешіп, келісімге келу адамзат үшін маңызды екенін атап өтті.  

«Осы қиындықтарға қатысты мәселелерді әділ және объективті түрде талқылаудың әр мүмкіндігі адамзат үшін өте маңызды. Сол себепті биылғы форум жаһандық сын-тегеуріндерге тиімді жауап іздеуге бағытталған. Сәйкесінше, форумда осы салалардағы білікті мамандар жиналып отыр. Олардың сөзін тыңдауға, ұсыныстарын пайдалануға біз асығамыз», - деп атап өтті Президент.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен  Challenges Summit 2018 форумының жалпы отырысы өтіп жатыр. Форум 17-19 мамыр күндері өтеді. Онда әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысты.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір