• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:46:55
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 Аймақтар

Елбасы БҚО-ға жұмыс сапарында Жастар және оқушылар сарайына барды

Онда Қазақстан Президентіне денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы цифрландыру жөніндегі жобалар таныстырылды

Елбасы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Жастар және оқушылар сарайына барды. Онда Қазақстан Президентіне денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы цифрландыру жөніндегі жобалар таныстырылды.

Елбасы 2018 жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауында "Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек", - деген болатын.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасында көтерген мәселелердің бірі - жастардың білім алу мәселесі болатын. Мемлекет басшысының «Жоғары білім алудың қол­жетім­ділігі мен сапасын арт­­тырып, студент жастар­дың жатақханадағы жағда­йын жақсарту» бастамасы да өңір­дегі бірқатар өзекті мәсе­ле­нің оң шешілуіне ықпал етпек. Білім гранттарының көбе­юі оқуға ынталы жастардың көңі­л­ін бір демдесе, студент­тер­­дің жатақханамен қам­тылу­ға қатысты мәселесі­нің шешімін табуы да олар­ды қанаттандырады.

Қазақстан Президенті облыс жастарының белсенді өкілдерімен кездесіп, жастар мен жас мамандарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы жөнінде әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев цифрлық және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамып келе жатқан жағдайында бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеудің маңызды екенін атап өтті.

– Мектептер мен университеттер ғылыммен айналысуға бағдарланып отыр. Қазіргі жағдайда адам өмір бойы білім алуға тиіс. Бес-алты жылдан кейін бүгінгі көптеген мамандық жойылып, орнына жаңа мамандықтар пайда болады. Біздің бар үмітіміз – жастарда. Қарқынды дамып келе жатқан әлемнен қалып қоймауымыз үшін не істеу керектігін сіздер әрдайым ойлап жүресіздер деп сенеміз, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір