• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:42:44
Алматы
+35°

08 Маусым, 2018 Экономика

Елбасы Бейжіңде CNPC корпорациясының басшысымен кездесті

Компания басшысы Қазақстан Президентіне Іскерлік кеңес аясында жүргізілген келіссөздер мен қол қойылған келісімшарттар жөнінде баяндады.

Бүгін Мемлекет басшысы Бейжіңде CNPC корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Нұрсұлтан Назарбаев CNPC компаниясының мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және оны қайта өңдеу салалары бойынша Қазақстанның негізгі әріптесі болып саналатынына тоқталып, бұл кәсіпорынның еліміздегі жұмысына қанағаттанатынын айтты.

– Жалпы осы жылдар ішінде Қазақстанда 100 миллион тоннадан астам мұнай өндірілді. Біз сіздің компанияңызбен ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз. Әсіресе, «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын пайдалану арқылы ішкі нарыққа және Қытайға жеткізілетін мұнай көлемін арттыра аламыз.  

Компания басшысы CNPC-дің Қазақстандағы әріптестермен 20 жылдан астам уақыттан бері ынтымақтаса жұмыс істеп келе жатқанын және зор жетістіктерге жеткенін айтты.  

– Сіздің көңіл бөлгеніңіздің және Қытай Үкіметі көмегінің арқасында айтулы нәтижелерге қол жеткіздік. Сізге зор құрметім мен ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Біздің мүмкіндігіміздің бар екенін және оны одан әрі дамытып, жұмыс істеуге ниетті екенімізді жеткізгім келеді, – деді Ван Илинь.

Компания басшысы Қазақстан Президентіне Іскерлік кеңес аясында жүргізілген келіссөздер мен қол қойылған келісімшарттар жөнінде баяндады.

– Үкіметіміз және Си Цзиньпин мырзаның жеке өзі қазақстандық әріптестермен тығыз ынтымақтастықты жаңа деңгейде дамытуға мүдделілік танытып отыр. Бұл міндетті орындауға шамамыз жететініне кәміл сенеміз, – деді компания басшысы.

Назарбаев Бейжіңде

Айта кетейік, 6 маусымда ресми сапармен Бейжіңге барған Нұрсұлтан Назарбаевты ертеңінде Қытай билігі Халық жиналысы үйінің алдында салтанатпен қабылдады. Сап түзеген әскерилер Қазақстанның Мемлекеттік әнұранын оркестрмен орындап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор құрмет көрсетті.

Ши жин пиң Елбасына алғыс білдіре отырып, жарқын болашақ мақсатында Қазақстанмен бірге жүруге дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев өзін қарсы алған Қытай төрағасына алғыс білдіріп, құттықтау сөзін жеткізді.

Кейін Қазақстан мен Қытай басшылары жалпы саны 9 құжатқа қол қойды. Ал бүгін Бейжіңдегі "Дяоюйтай" резиденциясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және 300-ден астам қытайлық кәсіпкердің қатысуымен іскерлік кеңес отырысы өтті. Отырыста екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызы әрі оны одан ары нығайту мәселесі сөз болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір