• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:33:56
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 Аймақтар

Елбасы «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» акционерлік қоғамына барды

Қазақстан Президенті көмірсутегі шикізатын өндіру және тасымалдау саласында пайдаланылатын құрылғылар мен жабдықтар жасау үдерісімен танысты

Қазақстан Президенті көмірсутегі шикізатын өндіру және тасымалдау саласында пайдаланылатын құрылғылар мен жабдықтар жасау үдерісімен танысты.

"Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады", - деген еді Елбасы жолдауында.

Нұрсұлтан Назарбаевқа кәсіпорынның технологиялық қуаты, сондай-ақ қорғаныс саласының өнімдері – атыс қаруы және оқ-дәрі үлгілері көрсетілді.

БҚО

Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы - өңірдегі жетекші өндіріс орындарының бірі.

Елбасы, сондай-ақ, өңір жұртшылығымен кездесті. Онда тұрғындар Мемлекет басшысына «Бес әлеуметтік бастаманың» қабылданғаны үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалар қоғамның, әсіресе жастардың, мейлінше өзекті проблемаларын шешуге бағытталғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қоғамында бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығына тоқталып, еліміздің қарқынды экономикалық дамуы үшін өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың мәні зор екенін айтты.

Әңгімелесу соңында Елбасы облыс тұрғындарына табыс пен бақ-береке тілеп, Қазақстанды өркендету ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір