• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:57:21
Алматы
+35°

26 Маусым, 2018 Аймақтар

Елбасы бастамалары қоғамдағы өзекті мәселелерді шешеді

Осы бастамалар аясында ұсынылған бағдарламалар мен іс-шаралар елдің еңсесін көтерері сөзсіз.

«Болар істің басына, жақсы келер қасына» деп, халық айтқандай елінің ертеңін ойлаған Елбасы  айқын 5 бастаманы халыққа ұсынды. Осы бастамалар аясында ұсынылған бағдарламалар мен іс-шаралар елдің еңсесін көтерері сөзсіз. Атап айтсам:

Баспана алудың жаңа мүмкіндіктері бойынша ұсынылған «7-20-25» бағдарламасы бүгінгі күні баспанасыз жүрген талай отбасыға үлкен көмек. Әсіресе, болашағына сенім тудыру үшін жас отбасыларға жасалып жатқан жақсы жағдай деп айтуға болады. Еліне өз үлесін қосу үшін еңбек етіп етіп жүрген білімді жастар баршылық. көбіне отбасылық-тұрмыстық жағдайлары болмағандықтан, күйбең тіршіліктен арыла алмай жүрген жастар енді қолжетімді баспанамен қамтамасыз етіледі деп ойлаймын.

Төмен төлемдегі жалақысы бар азаматтарға салық төлемін азайту жөніндегі  бастама да орынды. Салықты азайту арқылы олардың жалақысын көтеру көзделген бұл бастамада халыққа әлеуметтік тұрғыда қолдау көрсетілетіндігі көңілге сенім ұялатады

Ең бастысы, жоғары білім алудың сапасы мен қолжетімділігін көтеру бастамасы қаншама жастарды тығырықтан шығарары сөзсіз. Елбасы ұсынған техника саласындағы мемлекеттік грантты көбейту мәселесі арқылы ел экономикасын арттырудағы қажетті мамандықтарға көңіл бөлу болып табылады. Осы мамандықтарға жастарды тарту үшін оларға жағдай туғызу керектігін баса айтқан Елбасы жоғарғы оқу орны мен колледждерде жатақхана мәселесін шешу керектігін баса айтты. Осы бастама бойынша салынатын заманауи тұрғыдағы жаңа жатақханалар талай пәтер жалдап жүрген студенттердің мәселесін шешеді. Олардың  толыққанды білім алуына жағдай жасалатыны мені де қуантады.

Елдің еңсесін көтерген бастамалардың бірі - шағын несие беру көлемін кеңейту. Өз кәсібін бастап, шаруашылығын кеңейтуді көздеген әрбір кәсіпкерге таптырмас көмек деуге болады. Қаржылай көмекті қажет ететін әрбір кәсіпкер өз шаруашылығын кеңейтуде мемлекет тарапынан жасалған бұл бастаманы қуанышпен қарсы алып жатыр деп ойлаймын.

Елді көгілдір отынмен қамтамасыз етуді көздеген бесінші бастама халық тұрмысындағы қордаланып қалған талай мәселені шешері даусыз.  Ыстық су мәселесі, отын тапшылығы сияқты (әсіресе біздің Көкшетау қаласы бойынша) қарапайым дүниелер қолжетімді болар еді. Осы бастамаларды  азаматтық тұрғыдан қолдаймын және жақын арада жүзеге асатына сенемін.

 

 

Карасартова Ш.К.

М.Ғабдуллин атындағы №3

көптілде оқытатын

кәсіби мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

«Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір