• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:48:32
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2018 NEWS

Елбасы АҚШ-та жүргенде Ақорданың қақпасына соғылған кім? (фото)

Әлеуметтік желі арқылы Ақорданың қақпасына соқтығысқан көліктің суреті тарап кетті.

Әлеуметтік желі арқылы Ақорданың қақпасына соғылған көліктің суреті қызу талқыланып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Фотоға тіркелген жазбада көлік тізгінінде спирттік ішімдікке тойып алған полицей болғаны жазылған.

«17 қаңтарда сағат 3:20 шамасында Астана қалалық ІІД ӘПБ жеке мамандандырылған батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Иманбеков мас күйінде мемлекеттік нөмірі 420 ULA 01 Porsche Cayenne  автокөлігінің тізгінінде отырып, Ақорда резиденциясының қоршауына барып соғылды (Достық көшесі жағынан). Жол-көлік оқиғасы кезінде көлікте Астана қалалық ІІД ӘПБ жеке мамандандырылған батальонының командирі, полиция капитаны Жұмахметов (көліктің иесі) те болған. Ол оқиға орнынан қашып кетті. Астана қалалық ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізуде», - делінген аталған хабарламада.

Порше

Ақорда

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір