• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:13:09
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2018 Саясат

Елбасы АҚШ-та кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Елбасы АҚШ-та кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та «Nasdaq» компаниясының президенті Адина Фридманмен, «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен, «ExxonMobil» компаниясының бас атқарушы директоры Даррен Вудспен кездесулер өткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Nasdaq» компаниясының президентімен кездесуі барысында компанияның Қазақстанда жұмыс жүргізу жөніндегі шешімін құптайтынын айтты.

– Сіздердің Қазақстанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығында жұмыс істеу жөніндегі шешімдеріңізді қолдаймыз. Біз Конституцияға және еліміздің бірқатар заңына өзгерістер енгіздік. Онда ағылшын құқығы енгізілген және қатысушылардың барлығына жеңілдіктер қарастырылған. Жұмыс істейтіндер үшін барлық қолайлы жағдайды жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы АҚШ-та

Ал компания президенті А.Фридман Қазақстанның халықаралық қаржы орталығын құру жолында атқарған жұмыстарынан алған әсері жөнінде айтты. Сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастастықты бастауға және Қазақстан биржасының жұмысына қажетті озық технологиялармен қамтамасыз етуге әзір екенін де айтты.

«Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен Кездесуде тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Goldman Sachs» компаниясының одан әрі ынтымақтасу мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қаржы орталығын құру үшін атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

– Бүгінде барлық құқықтық жағдай жасалды. Ағылшын құқығы базасындағы сот құрылды. Қатысушылар үшін қажетті барлық жеңілдіктер қарастырылды, соның ішінде виза және салық жеңілдіктері де бар, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы Американың «Nasdaq» биржасымен және Шанхай қор биржасымен ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

Елбасы АҚШ-та

«ExxonMobil» компаниясының бас атқарушы директоры Даррен Вудспен кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстан мен «ExxonMobil» компаниясы арасында мұнай-газ саласында қалыптасқан экономикалық серіктестікті айрықша атап өтті.

Назарбаев бұл компанияның Теңіз және Қашаған мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобаларға атсалысып отырғанын айтты.

Д.Вудс Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының басталуымен және АҚШ Президенті Д.Трамппен өткен келіссөздердің табысты болуымен құттықтады.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір