• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:42:44
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 Саясат

Елбасы Ангела Меркельге құттықтау хатын жолдады

Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайланған Ангела Меркельді құттықтады.

Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайланған Ангела Меркельді құттықтады.

«Өткен парламенттік сайлаудағы жеңісіңіз – Германия азаматтарының Сізге, сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасының Еуропадағы және әлемдегі орнын нығайтуға, еліңіздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған саясатыңызға деген сенімінің дәлелі.

Сіздің басшылығыңызбен Германияның жаңа Федералдық үкіметі Қазақстан мен Германия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыта түседі деп сенемін.

Сізге осы жауапты қызметте табыс тілеймін, сондай-ақ барша Германия халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Германияда Бундестаг депутаттары сәрсенбі күні Христиан-демократиялық одағының лидері (ХДО) Ангела Меркельді Германия канцлерлігіне сайлады. Осылайша, Меркель төртінші рет қатарынан ГФР канцлері болып сайланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір