• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:34:05
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2018 NEWS

Экстрасенс: Қазақстанда отбасылық мәселелерді апалар шешеді

Экстрасенстің айтуынша, сиқыр деген өздігінен туындайтын нәрсе емес, сиқырды адам жасайды.

Танымал көріпкел, 8, 9-халықаралық украиналық "Экстрасенстер бәйгесінің" жүлдегері Виктор Александровский қазақстандықтарға бақытты болудың құпиясын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме беріп.

"Бақытты болу үшін тек сүйген адамға үйленіп, тұрмысқа шығу керек. Өзің жақсы көретін адамнан балалы болып, ол балаға жеке тұлға ретінде қарау қажет. Өзгелердің пікіріне бой алдырмай, өзіңнің жеке қалауларың мен құқықтарыңды білдірту керек. Өзіңе сеніп, өз қателіктеріңнен қорытынды шығару, сүйікті ісіңмен айналысып, айналадағылардың ешқайсысы саған ештеңе беруге міндетті емес екенін, бәріне өзіңнің еңбегіңмен жету керек екенін түсіну қажет",-дейді ол.

"Қазақстанда барлық отбасылық мәселелерді үлкен кісілер, апалар шешеді. Алайда 90-жылдары советтік кезеңде өмір сүрген адам не біледі? Қазір заман өзгерді",-дейді көріпкел.

Экстрасенстің айтуынша, сиқыр деген өздігінен туындайтын нәрсе емес, сиқырды адам жасайды. 

Экстрасенс соңғы уақыттары тұрмысқа шыққысы келетіндерін айтып  жолығатын қыздардың саны жиілеп кеткенін айтады. Тұрмысқа шыға алмай жүргендерің көбі өздеріне қарғыс тиді, көз тиді деп ойлайды. Біреуде ақша төлеп, аурудан айығып, тұрмысқа шығып кетпейсің. Өзің қалаған кезде ғана, санамен ойланып әрекет еткенде ғана бәрі болады дейді ол. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір