• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:43:19
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 NEWS

ЭКСПО-қалашықтың пәтерлері қашан сатылатыны белгілі болды

ЭКСПО-қалашық Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының иелігіне берілген.

ЭКСПО-қалашықтың тұрғын үйлері мен автотұрақтары сату үшін 2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін ғана «Бәйтерек девелопмент» АҚ-қа қайтарылады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін «Бәйтерек девелопмент» АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясынан жалға алушы ретінде қала бермек. Сондықтан да ондағы пәтерлер биыл сатылмайды. ЭКСПО-қалашық Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының иелігіне берілген.

Жоба аяқталған соң осы құжатқа сәйкес жылжымайтын мүлікті сату үшін қалашық акционерлік қоғамға қайтарылуы тиіс болатын. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арнап салынған басқа нысандар, соның ішінде «Нұр Әлем» павильоны музей кешені ретінде пайдаланыла береді.

С3 және С4 халықаралық павильондарына Астана Халықаралық қаржы орталығы орналасады, С1 - «Job World» адам ресурстарын дамыту білім беру орталығы, D1 - «Жасыл» технологиялар халықаралық орталығы, D4 - халықаралық IT-технопарк еншісіне беріледі.

«Көрме аумағына орналасқан (коммерциялық негізде - ред.) ұйымдар туралы ақпарат павильондар жөнделіп, ғимараттар жалға берілгеннен кейін белгілі болады», - делінген «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Қазақпарат тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір