• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:13:07
Алматы
+35°

06 Наурыз, 2018 NEWS

Экс-полиция қызметкері 19 әйелді өлтірген

Сот 52 жастағы  ер адамды өмірлік бас бостандығынан айырды

Новосибирскте сот 52 жастағы  ер адамды өмірлік бас бостандығынан айырды. Евгений Чуплинский бұрынғы полиция қызметкері 19 әйелді өлтірді деп айыпталды. Қылмыскер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді деп жазады РБК.

Чуплинский әйелдерге 1998-2005 жылдар аралығында Новосибирск аймағында шабуыл жасаған. Ол өлтірген әйелдердің дене бөліктері мен мүшелері жергілікті ауданның қоқыстары мен жол бойында табылған. Белгілі болғандай, барлық әйелдер жеңіл жүрісті, интим қызметтерінде жұмыс істеген. Полиция Чуплинский Евгенийді ДНҚ анализі арқылы тапқан. Алайда қылмыскерді анықтау үшін барлығы  сарапта жасауға 10 жыл уақыт кеткен. Нәтижесінде қылмыскер тек  2016 жылы ұсталған.

Мәліметтерге қарағанда, Чуплинский өзінің құрбандарын автокөлігіне отырғызып, адам аяғы баспайтын жерлерге алып кетіп отырған. Сол жерде оларды өлтіріп, бөлшектеген. Оның құрбандары 18-бен 31 жастағы әйелдер болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір