• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:28:45
Алматы
+35°

31 Қазан, 2017 NEWS

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың алдын ала тыңдауы басталды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың алдын ала тыңдауы басталды

Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты бұрынғы экономика министрі, коррупциялық қылмыс жасады деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауын бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Алдын ала сот тыңдауы әскери сот ғимаратында өтіп жатыр.

Алдын ала тыңдау ашық түрде өтіп жатыр. Іс бойынша барлығы 23 адам сотқа тартылып жатыр. Сотт судья Әділхан Шайхисламов қарап жатыр.

Пара алды деген күдікке ілінген Бишімбаев Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторында отыр. Ол қаңтардың 10-ы күні "топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алу фактісі" бойынша ұсталған. Екі күннен соң ол Астананың Алматы аудандық сотының санкциясы бойынша қамалып, содан бері қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылған.

Тергеу мәліметінше, Бишімбаев "Бәйтерек" холдингін басқарып тұрғанында Қызылордадағы әйнек зауытын салу кезінде "коррупциялық қитұрқылықтар жасаған".

Қазанның ортасында жергілікті ақпарат агенттігі Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті директорының орынбасары Талғар Серікбаевқа сілтеме жасап, Қызылордадағы әйнек зауыты құрылысын салу кезіндегі қаржы жымқыру туралы қылмыстық істі тергеу аясында мемлекетке "1,2 миллиард теңге көлемінде шығын өтелгенін" хабарлаған. Ал бюро Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және "шығынды өтеуге араласпағанын" мәлімдеген. Бірақ кейін Бишімбаевтің адвокаттары бюроның "шығын өтелді" деген мәлімдемесін терістеген. Адвокаттар Қызылорда шыны зауытының құрылысына бөлінген қаражат банк кепілінде болғанын, бюро мердігер компаниялардың жетекшілерін қамауға алып, құрылыс тоқтаған соң банк кепіл ережесі бойынша, құрылыс қаражатын қайтарғанын мәлімдеген.

Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметінен 2016 жылдың желтоқсанында коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" ұлттық компаниясы қатысты тергеу бастаған соң босатылған. Компания Бишімбаев 2013 жылдың мамырынан 2016 жылдың мамырына дейін басқарған "Бәйтерек" холдингі құрамына кіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір