• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:17:36
+35°

18 Қаңтар, 2018 NEWS

Экс-депутатты бопсалаған блогерге сот шешім шығарды

Өскеменде танымал блогер Ринат Халиковтың ісі сотта жеделдетілген режімде қаралып, үкім шығарылды.

Өскеменде танымал блогер Ринат Халиковтың ісі сотта жеделдетілген режімде қаралып, үкім шығарылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, Ринат Халиков экс-депутат және кәсіпкер Ержан Сқақовтан 30 мың доллар мен үш бөлмелі пәтер бопсалаған. Оларды бермеген жағдайда Сқақовтың беделіне нұқсан келтіретін мәлімет жариялайтынын айтқан.

Еске салсақ, 19 жастағы Елена Иванова экс-депутатты өзін зорлады деп айыптаған болатын. Қылмыстық іс қозғалып, кейін ол жабылды. Бойжеткен істі қайта қарауды сұрап, ҚР Президентіне хат жазған еді. Соған қарағанда, блогер осы жағдайды өз пайдасына асырмақ болған. Ол 2017 жылдың қазан айында Сқақовтан ақша алу барысында ұсталды.

«Сотталушы ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, оған қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Халиковтан жәбірленушінің пайдасына 1 миллион 20 мың теңге көлеміндегі материалдық шығын өндіріп алынсын. 30 мың доллар көлеміндегі ақшалай қаражат сот үкімі күшіне енгеннен кейін Сқақовқа қайтарылсын»,- делінген ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінде. Халиков жазасын қатаң режімдегі түрмеде өтейтін болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір